Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен «Отбасының цифрлық картасындағы» деректерді өзектендіру бойынша жиын өтті. Жиынға салалық, дербес бөлім басшылары мен құзырлы орган қызметкерлері және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аталған мәжілісте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нурлан Сарыбеков Д мен Е санатына жататын отбасыларды ақпараттандыруға қатысты мәлімдеді. Аудан бойынша үйме-үй аралау барысында анықталған сандық деректерге жан-жақты сапартама жасады. Бұдан бөлек, балаларды тіркеу бойынша мәліметтерге тоқталды.
Аудан әкімі жауапты бөлім басшысына «Отбасының цифрлық картасы» арқылы Д мен Е санатына жататын отбасылардың ақпараттарының өзектендірілуін тез арада аяқтауды тапсырды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі