САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Елбасы Ерханұлы Қазбек, осы өңірде туып-өстім. Туған жерімнің тыныс-тіршілігін, тұрғындардың күнделікті мәселелері мен талап-тілектерін жақсы білемін.
Мен үшін депутаттық мандат – мансап немесе атақ емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік.
Өз-өзімді ұсыну арқылы сайлауға қатысуымның басты мақсаты – туған өлкемнің дамуына үлес қосу, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу және көтерілген мәселелердің шешілуіне жүйелі түрде ықпал ету.
Менің басты ұстанымым – халықпен бірге болу, әрбір мәселені назардан тыс қалдырмау және нақты нәтижеге жұмыс істеу.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ
- Инфрақұрылым және ауылды абаттандыру
- Маяқұм ауылындағы. ауызішілік көшелердің жағдайын жақсарту, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін
- Маяқұм ауылында мәдениет үйі мен спорт кешенін салу үшін қажетті қаржы қарастыруға ықпал етемін.
- Маяқұм ауылындағы ішкі көшелеріне жарықшамдар орнатуға қажетті қаржы бөлінуіне ықпал етемін.
- Маяқұм ауылындағы балалар мен жастарға арналған спорт алаңдарын салуға және бұқаралық спортты дамытуға ықпал етемін.
- Маяқұм ауылындағы ауыз су және суару жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етемін.
- Маяқұм ауылындағы жастарды жұмыспен қамтуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етемін.
- Ауыл экономикасы және жер мәселесі
- Маяқұм ауылына инвесторлар тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл экономикасын дамытуға ықпал етемін.
- Ауылдық округ әкімдігімен бірлесе отырып, жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін табыстау мақсатында жаңа жер алқаптарын дайындау және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін көтеремін.
- Қоғамдық орта және әлеуметтік қолдау
- Маяқұм ауылындағы көшелерге жаяу жүргіншілер жолын (аяқжол) салуға қажетті қаржы қарастыруға ықпал етемін.
- Маяқұм ауылының орталығында балаларға арналған ойын алаңшасын салуға қажетті қаржы бөлінуіне ықпал етемін.
- Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорт үйірмелерін ашуға және дамытуға ықпал етемін.
- Ауылдық округтегі зейнеткерлердің санаторий-сауықтыру орындарында демалуына жағдай жасау, жолдамалар бөлу мүмкіндігін қарастыру және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыруға ықпал етемін.
- Денсаулық сақтау және медициналық қызмет
- Ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді дамытуға, алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруға және қажетті медициналық қызметтердің қолжетімді болуына ықпал етемін.
- Әлеуметтік қолдау
- Аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту, оларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал етемін.
- Жастар саясаты және жұмыспен қамту
- Жастарды жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, кәсіби білім алуына және ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ықпал етемін.
МЕНІҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМЫМ
* Халықтың пікірін тыңдау және тұрғындармен тұрақты байланыста болу.
* Ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін аудандық және тиісті мемлекеттік органдар деңгейінде көтеру.
* Әрбір бастаманың орындалу барысын бақылауда ұстау.
* Жастардың болашағына, ауылдың дамуына және тұрғындардың әл-ауқатына басымдық беру.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Туған жердің дамуы – баршамызға ортақ міндет. Ауылымыздың болашағы бүгінгі атқарылатын істерге байланысты.
Мен туған жерімнің дамуы үшін күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсауға дайынмын.
Халықтың сенімі – үлкен аманат. Сол сенімді ақтау жолында әрбір мәселені жауапкершілікпен көтеріп, оның шешілуіне табандылықпен жұмыс істеймін.
Туған жеріміздің дамуы үшін бірге еңбек етейік!
ТУҒАН ЖЕР – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
