Құрметті сайлаушылар!
Әділетті, қуатты Қазақстанды құру – барша қазақстандықтардың мақсатына айналды.
Менің мақсатым да елдің арманымен үндеседі.
Ауыл-елдің алтын бесігі, ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көзі. Сондықтан ауылдың өркендеуі, тұрғындардың әл-ауқатының артуы және жастардың туған жерінде тұрақтап қалуы-басты міндеттердің бірі.
-
Менің басты мақсатым – Маяқұм ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
-
«Білім – ырыс қазығы». Әбу Насыр әл-Фараби туған өлке жастарының білім сапасын арттыру. Ауыл мектебіне білім беруді жетілдіруге арналған технологиямен толыққанды қамтамасыз етуді мемлекет қаржысы есебінен немесе демеушілердің көмегі арқылы іске асыруға ықпал етемін.
-
«Денсаулық – зор байлық». Ауыл тұрғындарына медицинаның қолжетімді болуы – ең өзекті мәселе. Облыстық денсаулық басқармасына, аудандық медицина саласының басшыларына, шалғай ауыл тұрғындарына дәрігерлік кеңес беру үшін «Медициналық керуен» ұйымдастыруды ұсынамын.
-
Ауыл жастарының жат әдет-қылықтардан аулақ болып, бос уақыттын тиімді пайдалануы үшін мемлекет қаржысы есебінен немесе демеушілердің көмегі арқылы заманауи спорт алаңдарын салуды қолға аламын және ескі спорт кешендерін жөндеу жұмыстарының жүйелі жүргізілуін қадағалайтын боламын.
-
Қауіпсіз ауыл. Көшелердің жарықтануы – түрлі келеңсіз оқиғалардың, ұсақ қылмыстардың алдын-алып, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін. Аталған мәселенің шешілуі үшін жұмыс жасайтын боламын.
