Мен, Туребеков Бакытжан Ибрагимович 16.02.1988 жылы Отырар ауданы, Маяқұм ауылында дүниеге келдім.
Білімім жоғары. 2005-2009ж.ж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «дене шынықтыру және спорт «бакалавры» мамандығы бойынша бітіргенмін.
Еңбек жолымды 2009ж-2010ж. Алматы қаласы №10 БЖСМ жаттықтырушы болып бастадым.
2014ж-2016ж. Шымкент қаласы №10 күрес түрінен ОРДБЖМСМ жаттықтырушы,
2016ж-2022ж Республикалық күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы, дзюдодан ҚР жасөспірімдер құрама командасына аға бапкер,
2023ж Түркістан облысы дзюдо күресінен ересектер арасында аға бапкер,
2024-2025жж арасында Түркістан облысының денешынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық «Футбол спорт мектебінің» орынбасары болып қызметін атқардым. Қазіргі таңда,Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Бәйдібек аудандық №3 спорт мектебі» басшысы болып қызмет атқарамын.
«ӘДІЛЕТ» партиясының мүшесімін.
Отбасылымын, екі ұл, екі қыздың әкесімін.
