Төлеби ауданында тұрғындарға тазалық сақтау талаптарын түсіндіру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Учаскелік полиция инспекторлары Леңгір қаласындағы Е.Сәуірбай көшесінде тазалық жағдайын тексеру барысында тұрғын үйдің алдына құрылыс қалдықтарының шығарылғанын анықтады.
Аталған үйдің 42 жастағы тұрғынына қоғамдық аумақты ластауға жол бермеу және құрылыс қалдықтарын уақытылы жинау қажеттігі түсіндіріліп, ескерту жасалды. Полиция қызметкерлерінің ескертуінен кейін тұрғын жұбайымен бірге құрылыс қалдықтарын жинап, үйінің аумағын ретке келтірді.
Сонымен қатар рейдтік іс-шара барысында 100-ге жуық тұрғынға тазалық сақтау талаптары түсіндіріліп, ескертулер жасалды. Ескертуге қарамастан талаптарды қайта бұзған тұрғындар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және ортақ аумақтарға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
*
Полицейские усилили контроль за соблюдением правил благоустройства в Туркестанской области
Среди жителей Толебийского района проводится профилактическая работа, направленная на соблюдение правил благоустройства, поддержание чистоты и предотвращение загрязнения окружающей среды.
В ходе проверки санитарного состояния на улице Е. Сауырбай в городе Ленгере участковые инспекторы полиции выявили строительные отходы, оставленные возле одного из жилых домов. 42-летнему владельцу дома разъяснили необходимость своевременного вывоза строительного мусора и недопустимость загрязнения мест общего пользования, а также вынесли предупреждение.
После предупреждения сотрудников полиции местный житель убрал строительные отходы и привел прилегающую территорию в надлежащий порядок. Кроме того, в ходе рейдовых мероприятий около 100 жителям разъяснили требования по соблюдению чистоты и благоустройству территорий.
Граждане, которые, несмотря на предупреждения, допустили повторные нарушения, были привлечены к административной ответственности в соответствии с действующим законодательством.
Сотрудники полиции призывают жителей соблюдать чистоту, не выбрасывать мусор в неустановленных местах и ответственно относиться к содержанию территорий общего пользования.
Пресс-служба ДП Туркестанской области

