Қазіргі дамыған заманда цифрлық технологияларды өндіріс пен күнделікті өмірге енгізу, жас мамандардың IT саласындағы құзыреттілігін арттыру және жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану – заман талабы. Осы орайда Ақпараттық талдау және цифрландыру орталығының ұйымдастыруымен Кентау шаһарында «DIGITAL KENTAU – 2026» цифрландыру және жасанды интеллект форумы өтеді.
Ауқымды IT-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарына, жастарға, стартаперлерге және цифрлық салаға қызығушылық танытушыларға заманауи технологиялық трендтерді таныстыру және цифрлық дағдыларды шыңдауға жол ашу. Сондықтан да «DIGITAL KENTAU – 2026» форумы барысында қатысушыларға заманауи IT мен креативті индустрияның ең өзекті бағыттары бойынша пайдалы сараптамалық ақпараттар мен практикалық кеңестер ұсынылады.
Форум аясында қарастырылатын басты тақырыптар — жасанды интеллект (ЖИ) құралдары, яғни түрлі салаларда ЖИ алгоритмдерін тиімді қолдану, жұмыс процестерін автоматтандыру және жаңа мүмкіндіктер. Мобилография мен контент жасау бағытында заманауи медиа кеңістіктегі жаңа трендтер, сапалы медиапродукция әзірлеу және цифрлық маркетинг, Ал, цифрлық технологиялар бойынша мемлекеттік қызметтерді, білім беру мен бизнесті цифрландырудағы соны шешімдер сараланады.
IT саласының сарапшылары мен жас өнертапқыштардың басын қосатын бұл маңызды жиын Кентау қаласының Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылады. Форум туралы ақпараттан хабардар болғыңыз келсе, 29 қыркүйек 2026 жылы сағат 09:00-де Жастар ресурстық орталығының ғимаратында.
Ақпараттық талдау және цифрландыру орталығы Кентау қаласының жастарын, IT мамандарын және цифрлық әлемнің қыр-сырын меңгергісі келетін барша тұрғындарды «DIGITAL KENTAU – 2026» форумына белсене қатысуға шақырады. Цифрлық болашақты бірге қалыптастыруға баршаңызды шақырамыз.

