Кентау қаласында оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру және жас дарындарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстар өз жемісін беруде. Шаһар мектептерінде оқушылардың білімге, инновацияға және ғылымға деген қызығушылығы жыл санай артып келеді.
Атап айтқанда, жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық деңгейде өткізілетін оқушылар арасындағы «Ғылыми жобалар» конкурсына қатысатын кентаулық өрендердің қатары тұрақты түрде өсуде. Бұл көрсеткіш – жас дарындардың ізденімпаздығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің айқын айғағы. Мәселен, Кентау қаласы оқушыларының ғылыми жобаларға қатысу динамикасының көрсеткіші, 2024 жылы — 120 оқушы, 2025 жылы — 160 оқушы, 2026 жылы — 174 оқушыға жетіп отыр.
Сонымен қатар, Астана қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде Кентау қаласының намысын қорғаған жас ғалымдар биік тұғырдан көрініп, жүлделі орындармен оралды. Олар, ІІ орын (Химия пәні): Бимолдаева Камшат – Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің оқушысы. Жетекшісі — Әбсейіт Алтынбек. ІІІ орын (Информатика пәні): Жексенбі Нұрбол – Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы. Жетекшісі — Адырбекова Айгерім.
Арнайы сертификат иегерлері — Республикалық кезеңге дейін сүрінбей өтіп, жоғары деңгейде өнер көрсеткен Абдулла Әсел (Қазақ тілі), Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы, жетекшісі — А.Байменова. Дадаханов Атабек (Физика), Ө. Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясы, жетекшісі — Н.Насирова арнайы сертификаттармен марапатталды.
Сонымен, 2–7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының шешуші кезеңінде де Кентаулық өрендер жоғары дайындықтарын дәлелдеді. Байқау қорытындысы бойынша — І орын (Ағылшын тілі): М. Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ратнер Алина «A role of comics in learning a foreign language» тақырыбындағы ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғап, Республика бойынша 1-орынды жеңіп алды. Жетекшісі — Нысанбаева Гүлімжан Бақытжанқызы. Ал, ІІ орын (Бастауыш сынып): «Адал Роумакс» жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Махсутова Айнара «Хал иісті балауыз шамдар» тақырыбындағы зерттеу жұмысын сапалы қорғап, 2-орынға ие болды. Жетекшісі — Нұсқабаева Дүйсенгүл Өмірбайқызы.
Қала абыройын республикалық аренада асқақтатқан жас ғалымдар мен оларға бағыт-бағдар берген жезтаңдай ұстаздарға алғыс білдіре отырып, Кентаулық оқушылардың ғылым биігін бағындыру жолындағы ізденістері ары қарай да өз жалғасын таба бермек деген ниеттеміз.

