Мектеп оқушыларының бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ана тілімізге деген құрметті арттыру және елдегі ұлттар достығын нығайту бағытындағы білім беру мен тәрбиелік шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда 2026 жылдың 7 қыркүйегінде С.Қожанов атындағы №9 мектеп КММ-де дәстүрлі Тілдер мерекесіне орай тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың дәнекері» тақырыбында тілдер апталығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Аталған апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділікті насихаттау және әр ұлттың тілі мен мәдениетіне деген терең құрметті қалыптастыру болып табылады. Апталық аясында қойылған негізгі міндеттері, ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейтіп, оның қоғамдық-әлеуметтік маңызын ұғындыру, әр түрлі ұлттардың тілі мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін және көркемсөз өнерін дамытуға басымдық берілді.
Апталықтың ашылу шарасында мектептің өнерлі де дарынды оқушылары белсенділік танытты. Шара барысында оқушылар тіл туралы патриоттық өлеңдерді шабытпен оқып, құлақтан кіріп бойды алар әуезді әндерін шырқады. Сондай-ақ оқушылар тілдің адам өміріндегі шешуші маңызы, оның халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы алатын айрықша рөлі туралы өздерінің танымдық ой-толғамдарымен бөлісті.
Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықты біріктіретін алтын көпір. Сондықтан тілді құрметтеу – елді, мәдениетті және тарихты құрметтеу болып табылады. Апталық шеңберінде мектеп оқушылары үшін алдағы күндері бірқатар мазмұнды шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, оқушылардың жылдамдығы мен білімін сарапқа салатын интеллектуалды викториналар, диктанттар, эссе байқаулары мен көркемсөз оқу шеберліктері мен тіл әлеміне саяхат жасауға арналған ашық сабақтар мен драмалық қойылымдар сараланды.
Ия, «Тіл – достықтың дәнекері, бірліктің берекесі!» демекші, бұл апталық мектеп оқушыларының тілдік білімін тереңдетіп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыратын тағылымды шара болмақ.

