Түркістан облысында Жедел басқару орталығының мүмкіндіктері арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде.
Мәселен Төлеби ауданының полицейлері бір тәулік ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден жолды кесіп өткен 50-ден астам азаматқа ескерту жасалды. Қайта құқық бұзушылық жасаған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдаланған азаматтар анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер де жауапкершілікке тартылды.
Жедел басқару орталығының заманауи бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, полиция қызметкерлерінің оқиға орнына жедел жетуіне мүмкіндік береді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


