«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде жүзеге асып жатыр.
Оған мысал Кентау қаласында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңарту және тұрғындардан түскен өтініштерге жедел әрекет ету бағытындағы жүйелі жұмыстар өз жалғасын табуда. Қала аумағындағы көшелерді абаттандыру мен жол сапасын жақсарту шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Мақаламыздың тұздығы үшін айта кетсек, Түркістан облысындағы Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы Тасов өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан , жергілікті халық пен инвесторлар арасында іскерлігімен танылған мемлекеттік қызметкер. Сәулетші және экономист мамандықтарын игерген ол басқару ісінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарып келе жатқан Жандос Қалмырзаұлы әкім лауазымына 2022 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.
Жасыратыны жоқ, қаладағы көп жылдар тұралап қалған мәселелер, жергілікті тұрғындар көтерген уәждер Кентау қалалық жауапты бөлімдері мен мердігер мекемелер тарапынан тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары мұқият зерделеніп, бірқатар көшелерде ағымдағы жөндеу және ретке келтіру жұмыстары атқарылды.
Мәселен, қала тұрғындарының инфрақұрылымға қатысты өтініштері негізінде Күншығыс шағын ауданында орналасқан Күншығыс көшесінде тұрғындардың қатынайтын жолды тегістеу туралы өтініші негізінде тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл қадам жаңбырлы маусымда жолдың батпақтануын болдырмай, тұрғындар мен көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Бала Бүргем көшесіндегі жол шеттерінің мүжілуін алдын алу және пешеходтар мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жиек тастарын нығайту жұмыстары орындалды. Жамбыл көшесі бойында бұған дейін жүргізілген түлі инженерлік-коммуникациялық қазба жұмыстарының салдарынан жолдың кейбір бөліктерінде шөгу орын алған болатын. Ақауларды жою мақсатында отырған орындарды қайта тегістеп, тас төсеу жұмыстары сапалы түрде жүргізілді.
Қала ішіндегі әрбір көшенің талапқа сай болуы – тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасы мен қаланың жалпы эстетикалық келбетіне тікелей әсер етеді. Жүргізілген жұмыстардың басты нәтижесінде көшелерге тас төсеу мен жолды тегістеу жұмыстары тұрғын үйлерге баратын жолдардың өтімділігін арттырды. Бордюрлерді нығайту мен ақаулы аумақтарды қайта қалпына келтіру көліктер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз орта қалыптастырды. Азаматтардан түскен өткір сауалдардың оң шешімін табуы жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы сенімді нығайта түсті.
Кентау қаласы бойынша тұрғындар өтінішіне сәйкес инфрақұрылымды жақсарту, көшелерді абаттандыру және жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.

