Қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ең басты стратегиялық басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы прагматикалық әрі жүйелі күрес жүргізу, мемлекеттік аппаратының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа қарсы берік иммунитет пен мүлдем шыдамаушылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы бағыттағы іс-шараларды жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асыру мақсатында «Кентау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында арнайы ақпараттық-түсіндіру жиналысы өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына, ұлттық қауіпсіздікке, экономиканың тұрақтылығына, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне тигізетін кері әсері жан-жақты талқыланды.
Мемлекеттік аппараттағы әрбір құқық бұзушылық пен заңсыз әрекет елдің дамуына кедергі келтіріп, халықтың билік органдарына деген сенімін азайтатыны анық. Басқосуда сыбайлас жемқорлықтың негативті салдары мынадай негізгі аспектілер бойынша сараланды. Мәселен, жемқорлық көріністері бәсекелестікті шектеп, инвестициялық тартымдылықты төмендетеді және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеледі. Әсіресе жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары саласында әрбір теңгенің мақсатты әрі ашық жұмсалуы – жол инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің басты кепілі.
Сонымен қатар, заңсыз әрекеттер азаматтардың тең құқылы мүмкіндіктерін шектейді, әлеуметтік теңсіздікке жол ашады және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалардың тиімділігін төмендетеді. Қоғамдағы жемқорлық деңгейінің артуы мемлекеттік институттардың тұрақтылығына нұқсан келтіріп, заң үстемдігінің қағидаттарын әлсіретеді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек мемлекеттік органдардың немесе құқық қорғау мекемелерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екендігін атап өтті. Заңнамалық шектеулер мен жазалау шараларынан бөлек, сапалы алдын алу мен құқықтық тәрбие берудің мәні ерекше. Сондай-ақ, жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда адалдық қағидаттарын дәріптеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін жол құрылысы, жөндеу және жолаушылар тасымалы саласындағы барлық конкурстық процедуралар мен қаржылық операциялар толықтай ашық әрі заң шеңберінде өтуі тиіс. Азаматтарға және жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын факторларды анықтау және оларды жедел жою және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік уақытта да, күнделікті өмірде да адалдық, парасаттылық пен қарапайымдылық принциптерін ұстану талаптары айқындалды.
Кентау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде өткен бұл жиналыс мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, қаланың инфрақұрылымдық дамуына таза әрі адал ниетпен үлес қосуға жасалған маңызды қадам болды. Адалық пен парасаттылық салтанат құрған қоғам ғана жарқын болашаққа сенімді қадам баса алады.

