Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Еліміздің әрбір қаласы мен елді мекені тұрғындар үшін қолайлы, түнгі уақытта қауіпсіз әрі заманауи стандарттарға сай болуы тиіс. Көшелерді жарықтандыру – бұл жай ғана эстетикалық көрініс емес, бұл – ең алдымен азаматтарымыздың, әсіресе балаларымыздың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі фактор» деп үнемі баса айтып келеді.
Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, өткен жылдан бері Арыс қаласында 33 көшеге жаңа заманауи түнгі жарықтандыру жүйелері орнатылды. Ауқымды құрылыс-монтаждау жұмыстарының нәтижесінде қала бойынша жарықтандырылған көшелердің жалпы саны рекордтық 103-ке жетті.
Арыс қаласында жүзеге асырылған бұл инфрақұрылымдық жоба – қала тарихындағы көше жарығын тарату бойынша ең ауқымды көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өткен жылдан бастап қолға алынған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қаланың негізгі магистральдары мен шеткі мөлтек аудандарындағы 33 көшеге заманауи жарық диодты (LED) бағандар мен шамдар орнатылды. Арыс қаласы бойынша түнгі жарықпен қамтылған көшелердің жалпы саны 103-ке жетіп, рекордтық деңгейді бағындырды. Орнатылған жаңа жарық диодты шамдар электр энергиясын 50-60 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен бірге олардың қолданылу мерзімі ұзақ әрі ауа райының қолайсыз құбылыстарына шыдамды.
Арыс қаласында жарықтандырылған көшелер санының рекордтық көрсеткішке жетуі – бұл ең алдымен тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы инфрақұрылымды жаңғырту – тек әкімдік өкілдерінің ғана емес, барша шаһар тұрғындарының ортақ қуанышы. Жарықтандырылған көшелердегі орнатылған жабдықтар мен бағандарды сақтау, вандализмге жол бермеу және ортақ мүлікке ұқыпты қарау – әрбір азаматтың міндеті.
Тұрғындар тарапынан қала басшылығына білдіріліп жатқан ырзашылық пен оң пікірлер – Арыс қаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нәтижелі іске асып жатқандығының айғағы.

