Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында мемлекеттік органдардың халыққа ашықтығын қамтамасыз ету, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын орнықтыру, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі заңды шешім табу – мемлекеттік басқару жүйесінің басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті – халыққа адал қызмет ету.
Әрбір әкім тұрғындармен тығыз байланыста болып, олардың арыз-шағымдарына бюрократиясыз, заң аясында нақты әрі сапалы шешім табуы тиіс» деп үнемі баса айтып келеді.
Осы тұрғыда, Түркістан облысының тарихи-мәдени мұраға бай, шежірелі өңірі – Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады. Аудан әкімдігінің ғимаратында өткен бұл қабылдау – жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтудың, қордаланған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді жедел шешудің тиімді де нәтижелі алаңына айналды. Азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін орнында жан-жақты саралап, заңнамалық шешімдер қабылдау мақсатында жеке қабылдауға ауданның салалық басшылары толық құрамда қатысты. Азаматтарды қабылдау алаңына аудан әкімімен бірге әкімдіктің салалық орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, яғни тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру және азаматтар өтініш білдірген тиісті ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты. Бұл ведомствоаралық құрам тұрғындардың әрбір сұрағына жеке тоқталып, құқықтық, әкімшілік және қаржылық тұрғыдан жан-жақты түсіндірме беруге әрі нақты тапсырмаларды бірден бекітуге мүмкіндік берді.
Жеке қабылдауға келген Созақ ауданының тұрғындары өздерін толғандырған, тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін түрлі өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Азаматтар тарапынан көтерілген негізгі бағыттар — тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегі, халықтың әлеуметтік салсатындағы санаттары бойынша баспаналы болу мүмкіндіктері, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бойынша тұрақты жұмысқа орналасу, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алу, шағын кәсіп бастауға мемлекеттік гранттар иелену, әлеуметтік қолдау бағытында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін оңалту шаралары, мұқтаж отбасыларға материалдық көмек беру және жер қатынастары барысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық әрі егістік жерлерді пайдалану тәртібі мен инфрақұрылымдық сауалдар аясында ауылдық елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен, электр тоғымен қамтамасыз ету және ішкі жолдарды жөндеу мәселелері қамтылды.
Қабылдау барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков әрбір азаматтың өтінішіне жіті көңіл бөліп, көтерілген мәселелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жан-жақты қарастырды. Көтерілген сұрақтардың бірқатары бойынша заңнама талаптарына сай орнында нақты шешімдер қабылданып, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Қосымша зерделеуді, жергілікті жерге барып тексеруді немесе бюджеттік қаржыландыруды қажет ететін мәселелер аудан әкімінің тікелей бақылауына алынды. Олардың хаттамалық орындалуы тұрақты қадағаланбақ. Сондай-ақ, заңнамалық шектеулерге байланысты тікелей орындау мүмкін емес сауалдар бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары заң аясында егжей-тегжейлі түсіндірме беріп, тығырықтан шығудың баламалы жолдарын нұсқады.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің тұрғындарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдауы – жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын айқындайтын басты көрсеткіш. Бұл бастама халық пен билік арасындағы сенім көпірін нығайтып, бюрократиялық кедергілерді жоюға тікелей ықпал етеді. Азаматтарды қабылдаудың қоғамдық-әлеуметтік тиімділігі де орасан. Мәселен, ауыл тұрғындары өз түйткілдерін аудан басшысына тікелей жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артады. Созақ өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы шынайы ахуал мен өзекті түйткілдер дер кезінде анықталып, жүйелі түрде шешімін табады.
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдауы – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды да нәтижелі қадам. Қабылдауда жүктелген тапсырмалар мен бақылауға алынған өтініштердің уақытылы орындалуы Созақ өңірінің тұрақты дамуына, елдегі заңдылық пен тәртіптің нығаюына зор үлес қосады.

