Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын орнықтыру, азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық алаяқтық пен киберқылмысқа қарсы кешенді тосқауыл қою – мемлекеттік саясаттың ең басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Заманауи технологиялардың дамуымен бірге киберқылмыс пен интернет-алаяқтық түрі жиілеп кетті. Тұрғындардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмыстарын халық көп шоғырланатын орындарда белсенді жүргізуі – азаматтарымызды алаяқтардың арбауынан қорғаудың тиімді жолы» деп үнемі айтып, тапсырмалар жүктеуде.
Бүгін, Түркістан облысының Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жұма күні мешіт алдында тұрғындармен кездесіп, интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан орталығы мен елді мекендердегі орталық мешіттердің алдында ұйымдастырылған бұл профилактикалық акция – халық көп жиналатын қасиетті жұма күннің мүмкіндігін тиімді пайдаланып, азаматтарға тікелей ақпарат жеткізудің оңтайлы алаңына айналды.
Іс-шара барысында Созақ аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері мешіт жамағатымен және тұрғындармен тікелей жүздесіп, интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің кең таралған түрлері мен олардан қорғану тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Түсіндіру жұмыстары бағытында күмәнді сілтемелер мен фишинг, яғни мессенджерлер (WhatsApp, Telegram) мен әлеуметтік желілер арқылы келетін беймәлім сілтемелерге өтпеу, жалған сауалнамалар мен ұтыс ойындарына қатыспау, жеке деректерді қорғау мақсатында ЖСН, төлқұжат мәлитметтерін, банк картасындағы CVV/CVC кодтарды және СМС арқылы келетін құпия растау кодтарын үшінші тұлғаларға ешқашан бермеу және өзін «банк қызметкері», «полиция офицері» немесе «ұлттық қауіпсіздік өкілі» деп таныстырып, «сезікті операция тоқтатылды» немесе «несие рәсімделуде» деген желеумен ақша аударуды талап ететін алаяқтардан сақ болу мен әлеуметтік желілердегі «аз уақытта үлкен пайда табу», «тауарлы-шикізат биржасы» немесе «криптовалютаға инвестиция салу» сияқты жалған жарнамаларға сенбеу керектігі айтылды.
Шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға ескерту сипатындағы арнайы дайындалған ақпараттық үнпарақтарды таратып, интернет кеңістігінде қауіпсіздікті сақтау бойынша нақты кибергигиеналық ұсыныстар айтты. Созақ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы тұрғындарды күнделікті өмірде, әсіресе цифрлық кеңістікте барынша қырағы болуға шақырады.
Тәртіп сақшылары аудан тұрғындары мен қонақтарына қазіргі таңда алаяқтар азаматтардың сеніміне кірудің, психологиялық қысым жасаудың түрлі әдістерін қолдануда. Тәртіп сақшылары ешқашан телефон арқылы ақшалай операциялар жүргізуді немесе құпия кодтарды айтуды талап етпейді. Күмәнді ұсыныстар мен хабарламаларға сенбеуді, егер бойыңызда күмән туса немесе алаяқтық белгілері байқалған жағдайда, уақыт созбай бірден «102» арнайы телефоны арқылы полиция бөліміне хабарласуды, қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертеді.
Жұма намазынан кейін жүргізілген бұл профилактикалық акция тұрғындар тарапынан жоғары бағаланды. Түрлі жастағы азаматтар, әсіресе алаяқтардың арбауына жиі түсетін аға буын өкілдері, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты әрі құқықтық кеңестер алды.
Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан жұма намазы кезінде мешіт алдында ұйымдастырылған бұл түсіндіру акциясы – тұрғындардың қаржылық амандығын сақтауға, кіршіксіз қоғамдық тәртіпті қалыптастыруға бағытталған өте маңызды әрі нәтижелі қадам.
Аудан сақшыларының бұл бағыттағы профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да басқа да қоғамдық орындарда, оқу орындары мен мекемелерде жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.

