Бүгін, Түркістан облысының Созақ ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігін арттыру және жас ұрпақтың бойында жолда жүру мәдениетін қалыптастыру бағытында кешенді әрі жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жол қауіпсіздігі – бұл жай ғана заң талабы емес, әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын, отбасының амандығын сақтаудың ең маңызды кепілі. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдарда қауіпсіз орта қалыптастыру – тек құқық қорғау немесе жергілікті органдардың ғана емес, баршамызға ортақ азаматтық міндет. Осыған орай, барша жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, яғни көлік құралын басқару кезінде белгіленген жылдамдықты шектен асырмау, көлікке отырған сәттен бастап қауіпсіздік белдігін тағу, қарсы бағытқа шықпау, басып озу ережелерін бұзбау және мас күйінде немесе шаршаңқы қалыпта көлік тізгініне отырмауға ерекше мән беру керектігін ескертеді.
Жол-көлік апаттарының басым бөлігі адам факторына, тосыннан туындайтын жағдайларға және қарапайым ережелерді елемеуге байланысты орын алады. Апаттылықты азайтудың басты бағыттары — белгіленген шектен аспау және алда келе жатқан көлікпен қауіпсіз арақашықтықты сақтау кенеттен пайда болған кедергіде тежегішті уақытылы басуға мүмкіндік береді, телефон пайдалану, көлік тізгінінде отырып хабарлама жазу сияқты әрекеттер зейінді едәуір төмендетеді, қараңғы уақытта жылдамдықты бәсеңдету және жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану және ауылдық жерлерде жол жиегіне тосыннан шығып кететін қараусыз малға сақ болу. Қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі – бала шақтан берілетін тәрбие. Ата-аналарды балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыруға, оларды қауіпсіздік талаптарын тұрақты сақтауға баулуға шақырамыз. Балаларға бағдаршам сигналына, жаяу жүргіншілер өткеліне сүйеніп жолдан өтуді кішкентайынан үйрету, көшеде өздері үлгі болып, жол ережесін бұзбау, балалардың киіміне, мектеп сөмкелеріне жарық шағылыстыратын фликерлер тағу және автокөлікте балаларды арнайы автоорындықтарда тасымалдау. Жолдағы өзара сыйластық, сабырлылық пен ережелерді қатаң сақтау – қауіпсіз қоғамның берік діңгегі болғандықтан, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – өзімізді, жақындарымызды және өзге де азаматтарды аман сақтаудың сенімді жолы. Жолда жүру ережелерін сақтап, жауапкершілік таныту арқылы біз қайғылы оқиғалардың алдын алатынымызды жадымызда сақтайық.

