Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұлттық интеллектіні көтеру, өскелең ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын арттыру және кітап оқу мәдениетін қоғамдық әдетке айналдыру – басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздері мен тиісті Жарлықтарында: «Кітап оқитын ұлт қана бәсекеге қабілетті болады. Оқыған ұрпақ – ойлы ұрпақ, ал ойлы ұрпақ – елдің ертеңін жарқын ететін ең басты күш. Кітапханалар мен кітап оқу мәдениетін дамыту – мемлекетіміздің рухани генофондын сақтаудың берік діңгегі» деп үнемі баса айтып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған Жарлығын іске асыру мақсатында Шардара аудандық «Абай» мәдениет үйінде «Оқыған ұлт – озық ұлт: кітап оқу мәдениеті – зерделі қоғам негізі» атты тағылымы мол, мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Ауданның рухани-мәдини өміріндегі бұл айтулы басқосу зиялы қауым мен жастардың басын қосып, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков жиынды аша отырып, Президент Жарлығынан туындайтын негізгі міндеттерге тоқталып, ауылдық жерлерде кітапхана қорын байыту, жастар арасында оқу белсенділігін арттыру және электронды әрі баспа кітаптарын қатар дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Президент Жарлығында айқындалған міндеттер кеңінен талқыланып, кітап оқудың ұлт болашағын қалыптастырудағы айрықша орны, кітапханалардың қоғамдағы заманауи рөлі, жастардың оқу мәдениетін дамыту және ұлттық әдебиетті насихаттау бағытындағы өзекті мәселелер көтерілді.
Дөңгелек үстелде сөз алған зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов аға буынның жастарға үлгі болуы керектігін айтып, отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту туралы сапалы ойларымен бөлісті. Жасыратыны жоқ, кітап оқу арқылы өңірдің инновациялық ахуалын да асқақтатарымыз сөзсіз. Аудан аумағында атқарылып жатқан жаңашылдыққа толы істердің бәрі біліммен келетіні сөзсіз. «Кітап – білім бұлағы» демекші, әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаға құндылықтарын үйренеді. Сондықтан да, «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Жалпы, кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық.
Іс-шара аясында мәдениет үйінің фойесінде арнайы бай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ әдебиетінің алтын қорынан алынған классикалық туындылар, тарихи роман-дастандар, балаларға арналған заманауи әдебиеттер мен Шардара өңірінен шыққан қаламгерлердің туындылары оқырман назарына ұсынылды. Кітапхана мамандары келген қонақтарға көрмедегі құнды басылымдарды таныстырып, оқырмандарды жаңа әдебиеттермен танысуға шақырды.
Кітап – білімнің ғана емес, ұлттың рухани қуатының, мәдениеті мен тарихының сарқылмас қайнар көзі. Оқыған ұрпақ – ойлы ұрпақ, ал ойлы ұрпақ – елімізді жарқын болашаққа бастайтын ең сенімді әрі үлкен күш. Сондықтан кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру – әрбір отбасының, әрбір білім ордасының және тұтас қоғамның ортақ міндеті.
Шардара ауданында өткен бұл тағылымды басқосу – Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың және оқырман ұлт қалыптастыру жолындағы игі істердің айқын дәлелі болды десек артық айтқандығымыз емес.

