Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл науқан азаматтардың өз пікірін білдіруге, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Әрбір сайлаушының таңдауы ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам саналады.
Бүгінде сайлау үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Ақпараттық жұмыстардың жүйелі жүргізілуі тұрғындардың сайлау туралы жан-жақты мәлімет алуына, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне ықпал етеді.
23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында тұрғындарды белсенділік танытып, сайлау туралы ресми ақпаратқа сүйенуге шақыру маңызды. Бұл – заң талаптарын сақтай отырып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ортақ міндет.
Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы елдің болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді. Сондықтан алдағы Құрылтай сайлауына бейжай қарамай, өз таңдауыңызды жасау – қоғамның дамуына қосылған нақты үлес.
Қазығұрт аудан әкімдігі.

