Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі тарихындағы ең маңызды, ең ауқымды кезеңдердің бірі – заң үстемдігін орнату, демократиялық институттарды кешенді түрде жетілдіру және елдің даму векторын сапалық жаңа белеске көтеру болып табылады. 2026 жылғы 1 шілде – Қазақстан тарихындағы алтын әріппен жазылатын, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерген ерекше күн. Дәл осы күні еліміздің негізгі заңы – Жаңа Конституция өзінің заңды күшіне еніп, мемлекетіміздің жаңа даму дәуіріне қадам басқанын ресми түрде паш етті. Осы орайда, Мақтаарал ауданында 1 шілде – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі және 6 шілде – Астана күніне орай кең ауқымды, жоғары деңгейдегі салтанатты жиын өтіп, аудан жұртшылығы ұлттық мерекені ерекше мақтаныш сезіммен және шабытпен атап өтті. Бұл іс-шара – жай ғана мерекелік басқосу емес, еліміздегі үлкен саяси бетбұрысты қолдаудың айқын көрінісіне айналды.
Мақтаарал аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер кеңесінің мүшелері, белсенді жастар ұйымдары және мәдениет саласының қызметкерлері көптеп жиналды. Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының тарихи маңызы мен оның құқықтық жүйеге әкелетін өзгерістеріне ерекше назар аударылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – Жаңа Ата заңның әрбір азаматтың өміріне тигізетін оң әсерін, оның ішінде құқықтық қорғалу мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіру болды.
Жаңа Ата заң – бұл жай ғана құқықтық нормалар жиынтығы емес, бұл қоғам мен мемлекеттің жаңаша, ашық қарым-қатынасын реттейтін негізгі тетік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен әзірленіп, жалпыұлттық референдумда халықтың басым көпшілігінің қолдауымен қабылданған бұл құжатта қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдіктерін мейлінше кеңейтіп, сот және құқық қорғау жүйесінің ашықтығын конституциялық деңгейде бекітуінде жатыр.
Жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков: «Жаңа Конституция – саяси көзқарасына, әлеуметтік жағдайына, ұлтына және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына ортақ құқықтық кепілдіктерді нығайтады. Біз мұнда азаматтардың цифрлық құқықтарының қорғалуын және ұсталған сәттен бастап заң көмегін алудың конституциялық құқығының шегелеп бекітілгенін көреміз. Бұл – шынайы әділетті әрі құқық үстемдігіне негізделген қоғам қалыптастырудың бастауы», – деп атап өтті. Оның айтуынша, жаңа құжат – қоғамдық келісім мен заңның мүлтіксіз орындалуының берік іргетасына айналып отыр.
Бүгінгі таңда Конституция күнінің «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтуі терең символдық мәнге ие. 15 наурыз – ел ішінде жаңарудың, көктемнің, ырыс пен ынтымақтың, табиғат пен тіршіліктің қайта түлейтін нышаны. Конституцияның осы кезеңмен тұспа-тұс келуі – еліміздің заңнамалық жаңаруын, жаңғыруын және болашаққа деген серпінді талпынысын білдіреді. Жаңа Конституция қоғамдағы «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын берік орнықтырып, әрбір азаматтың адал еңбек етуіне, озық білім алуына және табиғатты аялауына бағытталған жаңа идеологияны қалыптастыруда.
Президенттің үндеуінде айтылғандай, бұл тарихи шешім ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады. Бұл дегеніміз – азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысының мемлекеттік идеологиямен толық үндесуі. Мұндай қадам ұлттық құндылықтарды құқықтық санамен ұштастырып, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді.
Салтанатты шара аясында 6 шілде – Астана күні де жан-жақты дәріптелді. Астана – бүгінгі Қазақстанның саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және рухани орталығы. Ол – тәуелсіз Қазақстанның ең басты, ең жарқын жетістіктерінің бірі. Бас қаламыз – тек сәнді ғимараттар мен көркем сәулеттің ғана емес, халқымыздың биік арманының, қажырлы еңбегінің, бірлігі мен жасампаз рухының айқын көрінісі. Астананың даму тарихы – бүкіл еліміздің даму тарихымен тығыз байланысты.
Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде: «Астана – мемлекетіміздің стратегиялық шешімдері қабылданатын, халықаралық деңгейдегі маңызды кездесулер мен жаһандық форумдар өтетін орын. Оның әрбір жетістігі – бүкіл Қазақстан халқының ортақ жеңісі. Астананың дамуы – біздің әрқайсымыздың еңбегіміздің жемісі», – деді. Астана күнін тойлау арқылы біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, мемлекеттілігіміздің тұғырын биіктете түсеміз. Әрбір өңір, соның ішінде Мақтаарал ауданы да бас қаланың даму қарқынына қарап бой түзейді, жаңа инфрақұрылымдық стандарттарды енгізуге ұмтылады.
Жиын барысында қатысушылар елдің тұрақты дамуы, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту жолындағы Конституцияның ерекше рөлі туралы пікір алмасты. «Әділетті Қазақстан» құру идеясының негізі – заң алдындағы барлық азаматтың теңдігі. Жаңа Конституция осы теңдікті іс жүзінде қамтамасыз етуге, бюрократиялық кедергілерді жоюға және мемлекеттік аппараттың халық алдындағы есептілігін арттыруға бағытталған.
Мақтааралдықтар үшін бұл мереке – отаншылдық сезімді оятудың, ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаудың және ортақ мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылудың маңыздылығын сезінудің кезеңі. Зиялы қауым мен ардагерлер сөз сөйлеп, Конституцияның қадір-қасиетін жас ұрпаққа жеткізу, құқықтық сауаттылықты арттыру – аға буынның қасиетті борышы екенін тілге тиек етті. Заңды құрметтеу отбасынан, мектеп қабырғасынан басталуы тиіс деген ортақ байлам жасалды. Салтанатты жиынның екінші бөлімі мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты. Патриоттық әндер мен туған жерді дәріптейтін музыкалық шығармалар жиылған қауымның рухын көтеріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Отан», «Астана», «Тәуелсіз ел» секілді туындылар көпшілікті тебірентті. Дәстүрлі домбыра күйлері мен заманауи эстрадалық шығармалардың үндесуі мерекенің сәнін аша түсті. Бұл өнер кеші – ұлттық рухымыздың биіктігін, мәдениетіміздің байлығын және халықтың бірлігін айшықтай түсті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінде айтылғандай, біз тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірін бастадық. Мұның бірнеше негізгі аспектісі бар. Мәселен, саяси жүйені жаңғырту бағытындағы басымдық Конституция елдегі билік институттарының жұмысын ашық, жауапты әрі тиімді етуге айқындалды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы жаңа деңгейдегі сындарлы диалог орнады.
Сонымен қатар, экономикалық реформалар бойынша заңды күшіне енген Жаңа Конституция экономикалық еркіндікті, жеке меншік құқығын қорғауды және кәсіпкерлікке жаңа жолдар ашуды конституциялық деңгейде бекітті. Бұл – отандық және шетелдік инвесторлар үшін сенімді кепілдік. Сондай-ақ, адами капитал және әлеуметтік қорғау барысында білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мәселелері Конституцияда басты орында. Әрбір азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін әлеуметтік мемлекет құру – басты мұраты болса, ал тазалық пен табиғатты аялау аясында «Тазалық – жасампаздық құндылықтарының бірі» деп айтылған үндеудегідей, экологиялық мәдениетті қолдау – болашақ ұрпаққа таза жер қалдырудың кепілі екені айтпаса да түсінікті.
Мақтаарал ауданындағы бұл жиын – жалпыұлттық үдерістің бір бөлшегі. Аудан тұрғындары елдегі саяси өзгерістерді толық қолдайтынын және «Әділетті Қазақстанды» құруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін іс жүзінде көрсетті. Бұл саяси сауаттылық пен азаматтық белсенділіктің озық үлгісі.
Киелі Түркістан өңіріндегі Мақтаарал ауданының дамуы мен Конституциялық қағидаттардың үштасуы тектен-текке емес. Жалпы, Мақтаарал – ауыл шаруашылығы мен өндірістік әлеуеті жоғары, еңбекқор жандар мекендейтін іргелі аудан. Ауданның әрбір жетістігі – еліміздің дамуына қосқан үлкен үлес. Конституция күні мен Астана күнін бір мезгілде атап өту – мақтааралдықтардың патриотизмін одан әрі шыңдай түсті. Жиын барысында айтылғандай, заң үстемдігі орнаған, тәртіп сақталған жерде ғана тұрақты даму болады. Сондықтан аудан көлеміндегі әрбір құрылыс нысаны, әрбір әлеуметтік бастама немесе инфрақұрылымдық жоба Конституцияның аясында, заң талаптарына сәйкес және халықтың мүддесін ескере отырып жүзеге асырылуда.
Аудан әкімдігі алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындауды көздейді. Жаңа Ата заңның әрбір бабы іс жүзінде жұмыс істеп, қарапайым халықтың құқығын қорғауға қызмет етуі тиіс. Мақтааралдықтар осы жолда аянбай еңбек етуге дайын.
Бүгінгі мерекелік шараны тарқатар болсақ, болашаққа деген нық сенімнің нәтижесінде біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындыруға ұмтылудамыз. Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Конституция – бұл біздің бағытымыз, Астана – біздің мақтанышымыз. Мақтаарал ауданындағы мерекелік шаралар – осы ортақ құндылықтарға деген құрметтің көрінісі.
Өйткені, біз Әділетті Қазақстанды құру жолындамыз. Әрбір азамат – осы жолдың қозғаушы күші, оның белсенді қатысушысы. Заң мен Тәртіпті сақтау, еңбексүйгіштік пен өрлеуді жадымызда ұстау – біздің азаматтық борышымыз. Конституция күні мен Астана күні құтты болып, Қазақстан Республикасы жасай беретіні және халқымыздың мәңгі жасағаны, ортақ мақсатқа жету жолында бірлігіміз бекем, ісіміз берекелі болатыны сөзсіз.
Сондықтан да, Мақтааралдықтар үшін бұл мереке – ел тарихындағы жаңа белестерге деген сенімнің көрінісі ғана емес, сонымен бірге ортақ іс-қимылға шақыратын үндеу. Біз алдымызға қойған мақсаттарға міндетті түрде жетеміз. Өйткені, біздің негізіміз – мызғымас Ата Заң, ал бағдарымыз – жарқын болашаққа ұмтылған Әділетті Қазақстан және әрбір азаматтың еңбегі – елдің дамуының кепілі деп арқаны кеңге жайғанымыз бекершілік емес.

