Шындығына келгенде, кез келген демократиялық мемлекеттің басты құндылығы – азаматтардың өз еркін білдіруі және сайлау процесінің әділ өтуі. Бұл үдерістің сапалы ұйымдастырылуы тікелей учаскелік сайлау комиссияларының кәсібилігіне, заңды терең түсінуіне және жауапкершілігіне байланысты. 2026 жылғы 28 маусымда өтетін Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауына дайындық аясында ұйымдастырылған каскадты оқыту семинары осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды.
«Каскадты оқыту» әдісі – сайлау процесіндегі ақпараттық бірізділікті қамтамасыз ететін ең тиімді тәсілдердің бірі. Орталықтан бастау алған теориялық білім мен заңнамалық жаңашылдықтар жергілікті деңгейдегі әрбір комиссия мүшесіне дейін жеткізілуі тиіс. Қайнарбұлақ ауылдық округінде өткен семинар осы мақсатты көздеді.
Семинардың басты мақсаты – сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оларды сайлау науқаны кезінде туындауы мүмкін күрделі мәселелерді заң аясында шешуге үйрету болды. Комиссия мүшелері – сайлаудың «бет-бейнесі». Олардың әрбір іс-әрекеті сайлаушының мемлекеттік институттарға деген сенімін қалыптастырады.
Оқыту барысында сайлау процесін ұйымдастырудың жеті негізгі бағыты бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді. Атап айтқанда, дауыс беру күнінің алгоритмі мен учаскелік комиссия мүшелерінің таңғы дайындықтан бастап, дауыс беру процесін аяқтауға дейінгі әрбір қадамы заңнамаға сәйкес талқыланды. Құжаттамамен жұмыс жасау барысында сайлау бюллетеньдерін қабылдау, тізімдерді жүргізу және хаттама толтыру – қателікке жол берілмейтін кезең. Семинарда құжаттарды толтырудың бірыңғай нысандары көрсетілді. Сонымен қатар, заңнамалық жаңашылдықтар бағытында Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, даулы мәселелерді шешу кезеңінде сайлау кезіндегі байқаушылармен, кандидаттардың сенім білдірген адамдарымен қарым-қатынас орнату, туындаған арыз-шағымдарды заң аясында шешу жолдары көрсетілді.
Бұл ретте, тәжірибелік тапсырмалардың маңызы тек теориялық біліммен шектелмей, семинар барысында қатысушылар түрлі жағдаяттарды («ситуациялық ойындар») талдады. Мысалы, сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттарындағы ақаулар, бюллетеньді дұрыс толтырмау немесе учаскедегі тәртіп бұзушылықтар кезіндегі комиссия мүшесінің әрекеті қаралды. Мұндай тәжірибелік сабақтар комиссия мүшелеріне нақты жұмыс күнінде сенімділік береді.
Қатысушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарды ашық қойып, әріптестерімен тәжірибе алмасуы – семинардың ең нәтижелі бөлігі болды. Әрбір сайлау учаскесінің өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескерсек, мұндай пікір алмасулар өте маңызды. Өйткені, ашықтық пен әділдіктің кепілі – сапалы дайындық болғандықтан семинардың түйінді ойы – «Сайлауға сапалы дайындық – ашық әрі әділ сайлаудың кепілі». Комиссия мүшелерінің біліктілігі сайлаудың нәтижесіне деген халықтың сенімін арттырады. Ашықтық, жариялылық және заңдылық – Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі сайлаудың басты қағидаты болып табылады.
Сайлау учаскелері – демократияның бастауы. Осы учаскелерде отырған әрбір комиссия мүшесінің өз қызметіне деген адалдығы мемлекеттің тұтастығы мен саяси тұрақтылығының негізі. Қайнарбұлақ ауылдық округінде өткен бұл оқу-семинар жергілікті деңгейдегі саяси мәдениеттің өскенін көрсетеді.
Сайлау саясатын сабақтай келе, Қайнарбұлақ ауылдық округінде өткен каскадты оқыту семинары сайлау науқанының жоғары деңгейде өтетініне сенім ұялатады. Комиссия мүшелері алған білімдерін 28 маусымдағы дауыс беру күні толық қолданады деп күтілуде. Дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі сайлаушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, дауыс беру процесінің халықаралық стандарттарға сай өтуіне мүмкіндік береді. Ия, сайлау – халықтың еркі. Ал сол еріктің дұрыс есептелуі мен заң аясында рәсімделуі – комиссия мүшелерінің абыройлы міндеті. Тұрғындар өз таңдауын жасауға дайын, ал сайлауды өткізушілер өз біліктіліктерін дәлелдеді.

