ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты
Шымкент қаласының тұрғыны мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жасырын интернет-казиноны ұйымдастырып, оның жұмысын үйлестірген.
➡️ Қылмыстық схеманы іске асыру үшін покер ойнауға арналған («Техас холдем») мобильді қосымша пайдаланылған. Онда «Vendetta» және «AMG600L» атты ойын клубтары құрылып, олар «Nomad» желісіне біріктірілген.
Аталған клубтар тәулік бойы жұмыс істеп, Қазақстаннан бөлек Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты елдердің ойыншыларын да тартқан.
Клиенттер санын көбейту үшін мессенджерлер арқылы мақсатты хабарламалар жіберіліп, түрлі бонустар мен ынталандыру жүйесі қолданылған.
Ойыншылар өз есепшоттарын банк шоттарына ақша аудару арқылы толтырып, соның негізінде ойынға қатысуға мүмкіндік беретін «фишкалар» алған. Ұтқан жағдайда қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, пайдаланушылардың карталарына аударылып отырған.
Ұйымдастырушылардың табысы әр ойын үстелінен алынатын 3–5% көлеміндегі комиссия («рейк») есебінен қалыптасып, тұрақты кіріс әкеліп отырған. Сонымен қатар ойыншыларды ұстап қалу үшін оларға виртуалды қаражатты қарызға беру тәжірибесі де қолданылған.
Қаржы ағымдарын жасыру мақсатында «дропперлердің» банк шоттары, оның ішінде шетел азаматтарының шоттары пайдаланылған. Шот бергені үшін оларға әрбір есепшотқа 100–200 мың теңге көлемінде сыйақы төленген.
Аталған шоттар бойынша жалпы ақша айналымы 557 млн теңгеден асқан.
🚨 Сондай-ақ тінту барысында ұйымдастырушының тұрғылықты жерінен есірткі заты табылып, тәркіленді.
👨⚖️ Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кету керек, құмар ойындарға қатысушылар кей жағдайларда 30 млн теңгеге дейін елеулі қаржылық шығынға ұшыраған.
Онлайн-казинолардың қолжетімділігі мен тексерудің болмауы оларды аса қауіпті етеді.
Жастар мұндай ойындарға оңай тартылып, бұл ойынқұмарлыққа тәуелділіктің қалыптасуына, сондай-ақ алкоголизм мен нашақорлық сияқты қосымша мәселелердің туындауына себеп болады.
❗️ Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз құмар ойындарға қатысу жоғары қаржылық тәуекелдерге әкелетінін ескертеді.
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/TSadeLnK29uK1Q
📞 Call-center: 1458
_____
@afm_rk
#заңментәртіп
Департаментом АФМ по г.Шымкент пресечена деятельность преступной группы, осуществлявшей незаконный игорный бизнес
Житель г.Шымкент организовал и координировал работу подпольного интернет-казино, функционировавшего через мобильное приложение.
➡️ Для реализации преступной схемы использовалось мобильное приложение для игры в покер («Техасский холдем»), в котором созданы игровые клубы «Vendetta» и «AMG600L», объединённые в сеть «Nomad».
Клубы функционировали круглосуточно и привлекали игроков не только из Казахстана, но и из других стран, включая Узбекистан и Кыргызстан.
Для расширения аудитории использовались мессенджеры и целенаправленные рассылки, а также действовала система бонусов и поощрений.
Игроки пополняли свои аккаунты переводами денежных средств на банковские счета, после чего им начислялись «фишки», дающие доступ к игре. В случае выигрыша средства обналичивались и переводились на карты пользователей.
Доход организаторов формировался за счёт комиссии с каждого игрового стола — от 3 до 5% («рейк»), что обеспечивало систематическое извлечение прибыли. Дополнительно применялась практика предоставления виртуальных средств в долг для удержания игроков.
В целях сокрытия финансовых потоков использовались банковские счета «дропперов», включая иностранных граждан. За предоставление счетов им выплачивалось вознаграждение в размере от 100 до 200 тысяч тенге за один счёт.
Общий оборот по указанным счетам превысил 557 млн тенге.
🚨 Кроме того, в ходе обыска по месту проживания организатора обнаружено и изъято наркотическое вещество.
👨⚖️ В отношении двух подозреваемых избрана мера пресечения в виде домашнего ареста.
Уголовное дело направлено в суд.
Важно отметить, что участники азартных игр понесли серьёзные финансовые потери — в отдельных случаях до 30 миллионов тенге.
Простота доступа и отсутствие верификации делают онлайн-казино особенно опасными.
Молодёжь легко вовлекается в игры, что повышает риск формирования игровой зависимости и может способствовать развитию сопутствующих проблем, таких как алкоголизм и наркомания.
❗️ Агентство по финансовому мониторингу предупреждает: участие в незаконных азартных играх связано с высокими финансовыми рисками.
Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/TSadeLnK29uK1Q
📞 Call-center: 1458
#законипорядок

