«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел қолдау тауып отырғаны шындық.
Ия, билік бұқараға жақын болуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір түрлі болғанымен, бәрінің айтпағы бір қазанда қайнап, айтылған сөз іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көз көріп, құлақ естуде. Мемлекет басшысының қызметінің ең басты ерекшілігі – оның әр сөзі, әр қадамы, әр шешімі және әрбір ісі арқылы халыққа жақындауға ұмтылуы. Бұл ұмтылыстың серпіні Түркістан облысына қарасты Созақ ауданынан да көріп, оны паш етуге болады.
Осы ретте, цифрлық трансформация – Әділетті Қазақстанның басты құндылықтарының бірі деуге болады. Анығын айтқанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «ЦОН» мобильді қосымшасына енгізілген жаңа мүмкіндік – өтінімдердің мәртебесін нақты уақыт режимінде көру – бұл тек технологиялық жаңашылдық қана емес, сонымен бірге Президент Жолдауында айтылған цифрлық трансформация міндеттерінің және Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған басқарушылық реформалардың тікелей және материалдық көрінісінің айғағы.
Бұл жүйенің енгізілуі – қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік беру арқылы, билік пен халық арасындағы сенім деңгейін институционалдық тұрғыдан арттырады. Сонымен қатар, жаңа функция азаматтардың уақытын үнемдеп, әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгерушілік туралы жедел ақпараттана алады. Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиевтің сөзімен айтқанда, бұл – «Өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізу — ашықтықты арттырып, мемлекеттік қызметтерді жаңғыртумен өатар, мемлекеттік қызметтерге деген халықтың сенімін арттырып, халыққа қызмет көрсетудің қолайлылығын күшейтеді».
«ЦОН» қосымшасы – биліктің жауапкершілігін және халықтың қатысуын цифрлық форматта біріктіретін тиімді механизмге айналуда. Себебі, енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Бұл – шалғайдағы ауылдардың мысалы, Созақ ауданының Көктөбе, Ыбырай сияқты елді мекендерінің тұрғындары үшін уақыт пен қаражатты теңдессіз үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерге қала тұрғындарымен бірдей қолжетімділікке құқықтық кепілдік береді.
Әр қолданушының өз өтінімінің қаралу кезеңін көруі және кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар болуы – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы есеп берушілік қағидасын толықтай іске асыруды білдіреді. Жаңа цифрлық функцияның енгізілуі азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін жанама түрде арттырады. Өтінімнің қашан және қалай орындалатынын нақты білу – азаматтарды пассивті күтушіден белсенді, жауапты қатысушыға айналдырады.
Мұнан бөлек, «Адал азамат» тұжырымдамасының мағынасы – азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін толық түсініп, билікпен конструктивті түрде әрекеттесуіне де оңтайлы. Егер қызмет уақтылы орындалмаса, азаматтың цифрлық бақылау арқылы заңды талап қоюға негізі болады. Дәлірек айтқанда, электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігінің іске қосылуы – қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжатты әр уақытта қолда ұстауға мүмкіндік береді. Бұл – азаматтардың құқықтық қорғалуын цифрлық деңгейде нығайтады.
Созақ ауданы сияқты инфрақұрылымы мен логистикасы күрделі аймақтар үшін бұл жаңашылдықтардың әлеуметтік-экономикалық маңызы ерекше зор. Фермерлер, шаруалар және кәсіпкерлер үшін ХҚКО-ға барудың қажетінің болмауы – ауыл шаруашылығы жұмыстарынан үзілмей, құжаттарын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл – өңірлік экономиканың тиімділігін артып, шығындарды азайтады. Әрине, құжаттарды рәсімдеу процесінің ашықтығы мен жеделдігі – Созақ ауданына инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлердің мысалы, Күн электр станциясын салушылар сенімін арттырады. Өтінімнің әрбір сатысын бақылау – қисынсыз кедергілердің жойылғанын көрсетеді.
Өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізілген «ЦОН» мобильді қосымшасындағы жаңа функциялар – мемлекеттік қызметтерді жаңғыртудың маңызды қадамы және Әділетті Қазақстанды құрудағы цифрлық трансформацияның маңызды элементі. Бұл бастама Созақ ауданының әрбір азаматына биліктің жұмысын жеке бақылауға, уақытын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Ашықтық, қолайлылық және есеп берушілік – ұлттық реформалардың басты мақсаты болып қала береді деген ниеттеміз.

