Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін еместігін ерекше атап, оның ішінде балық шаруашылығын дамытуға аса мән аудару қажеттігін тапсырған еді. Нәтижесінде мемлекет тарапынан аква өсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шағындарды субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізіп келеді. Осының айғағы мемлекеттік қолдаудан қалыс қалмаған Түркістан облысының балық өндірушілері өнімдерін Әзербайждан, Грузия, Израиль, Ресей, тіпті Қытай және Өзбекстан елдеріне де экспорттап, табыстарын арттырып жатқанынан ақпараттар тарқатылуда.
Біздің еліміз балық ресурстарына өте бай… Бұл балық – өңіріміздің экономикалық дамуына, яғни балық шаруашылығының қарқынды өсуіне ықпалы зор. Соңғы уақытта бұл салада көптеген жұмыстары атқарылуда. Естеріңізде болса Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда.
Шындығына келгенде Қазақстандықтардың жан басына шаққанда балықты аз тұтынады екен. Айталық, дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Осыған орай Қазақстанда балық өсіру шаруашылығы ерекше жолға қойылуда, бүгінде балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары деуге болады. Жасанды балық өсіру шаруашылықтарын көбейтудің нәтижесінде, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққандағы 16 келі балық тұтыну нормасына қол жеткізуге әбден мүмкіндіктер болуда.
Осы ретте балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшысы болып табылып жатқаны жағымды жаңалық.
Балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп, жұмыстардың жанданғаны Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің де елеулі үлесі зор екенін айта кеткен жөн.
Облыс әкімінің төрағалығымен жиі жиналыстар өтіп, онда қордаланған мәселелер талқыланып, оның ішінде балық шаруашылығын дамытып, өнімнің саласының артуы мен экспортқа шығарудын әлеуетін арттыру жөнінде тапсырмалар беріліп, нәтижесін оңынан көрсетуді де қолдап айтатыны жасырын емес.
Бүгінде Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша бекітілген межені орындау нәтижесінде балық өсірудің де көлемі артып келеді. Балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлерге де облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, қолайлы мүмкіндіктер жасалынуда. Облыс аумағында бүгінде балық шаруашылығын жүргізу үшін 104 су айдыны жұмыс жасауда екен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, ал биыл 7467 тоннаға жеткізу жоспарланған болса, қазіргі таңда, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 245-ке жетіп, оның 164-і облыс аралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылыпты.
Жоғарыда айтып өткендей, балық өсіруден көш бастаған Түркістан өңірі 2025-2027 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге дейін 905 тонна балық өндірілген. Сонымен қатар, облыс аумағынан 16 балық өсіру шаруашылықтарын ашуды жоспарда бар.
Балық шаруашылығының дамуына бірден бір үлес қосып отырған Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, С. Мұқанова көшесі №15 үйдің тұрғыны, мүгедектігі бар Қалдықүл Өмірзаққызы Ермекова үшін өткен жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізуі, бүгінгі таңда ісінің дөңгеленуіне басымдық бергені рас. Неге десеңіз, Қалдыкүл апай өзінің кәсіпкерлік бастамасы – балық шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен 1 476 800 теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұл жеңіс Қалдықүл апамызға тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар жеке өміріндегі қиындықтарға қарамастан, өзінің ісін бастауға және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде дамуға үлкен мүмкіндік берді. Бұл жағдай мемлекеттің әлеуметтік осал топтарды, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған тиімді саясатының айқын көрінісі болып табылатыны қуантады. Әлбетте қайтарымсыз гранттың әлеуметтік және экономикалық маңызы қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендер үшін айшықты.
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар – бұл кәсіпкерлікке алғаш қадам басқан азаматтар үшін берілетін үлкен мүмкіндік. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мұндай қаржылық қолдау олардың қоғамға интеграциялануына, өз-өзін қамтамасыз етуіне және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға зор ықпал етеді. Қалдықүл Ермекованың бұл грантты жеңіп алуы – оның жігерлігінің, табандылығының және өмірге деген позитивті көзқарасының нәтижесі. Ол өзінің ерекше қажеттіліктеріне қарамастан, қоғамға пайдалы іспен айналысуға деген ұмтылысының айғағы.
Қалдықүл Өмірзаққызы таңдаған балық шаруашылығы – Қазақстанда, әсіресе оңтүстік өңірлерде дамушы және келешегі зор сала. Балық еті – пайдалы, диеталық өнім, оған деген сұраныс тұрақты өсуде. Бұл саланы дамыту азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, импортқа тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Грант қаражаты оған қажетті жабдықтарды (арнайы бассейндер немесе тоғандар, аэрация жүйелері, балық қорегі), балық шабақтарын сатып алуға және шаруашылықты іске қосуға мүмкіндік береді. Қалдықүл Өмірзаққызының балық шаруашылығын бастау туралы идеясы тек қаржылық пайдаға бағытталған емес, сонымен қатар оның өмірге деген белсенді ұстанымын көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өз кәсібін ашу – бұл қоғамдағы өз орнын табудың, өзін-өзі көрсетудің және басқаларға үлгі болудың бір жолы. Оның балық шаруашылығын таңдауының сыры да, нарықтық сұранысқа ие екендігінде дауымыз жоқ. Себебі, жергілікті нарықта таза, органикалық балық өнімдеріне деген қажеттілік жоғары. Шағын балық шаруашылығын бастау және басқару басқа салаларға қарағанда кейбір жағдайларда жеңілірек болуы мүмкін, әсіресе технологиялар мен автоматтандыру мүмкіндіктерін пайдаланса, ұзақ мерзімді күн көріске айналары сөзсіз. Өйткені балық шаруашылығы тұрақты табыс әкелетін және болашағы бар сала. Қалдықүл Өмірзаққызы бұл грантты алу үшін тиісті оқытулардан өтіп, өзінің бизнес-жоспарын жан-жақты әзірледі, нәтижесі де жоқ емес.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында гранттар конкурс негізінде беріледі, бұл үміткерлерден нақты бизнес-идея, есептелген жоспар, сондай-ақ оны іске асыруға деген шынайы ынтаны талап етеді. Қалдықүлдің осы талаптарға сай болуы оның жеңімпаз атануына жол ашты. Өткен жылдың ақпаратына сүйенсек, Сайрам ауданы бойынша қайтарымсыз грантқа 155 адам қол жеткізген екен. Әрине мұндай көрсеткіш, жұмыссыздар санының төмендеуіне, керісінше әлеуметтің әлеуетінің артуына септігі орасан. Ақсукент ауылындағы Қалдықүл Ермекованың балық шаруашылығы тек оның отбасына ғана емес, сонымен қатар бүкіл ауылға пайда әкелуі мүмкін. Болашақта ол өз өнімдерін жергілікті базарларға, дүкендерге, мейрамханаларға жеткізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортиментін кеңейте алады. Шаруашылықтың кеңеюімен жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі де туады, бұл ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жұмыссыздықты азайтуға үлес қосады. Жалпы мемлекеттік гранттардың мақсаты – тек кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру, өзін-өзі қамтамасыз етуге ынталандыру және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қалдықүл Ермекованың мысалы – осындай мемлекеттік қолдау шараларының нақты нәтиже беріп, адамдардың өмірін өзгертіп жатқанының айқын дәлелі. Бұл, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруге мүмкіндік беретін инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысты көрсетеді.
Сөз соңын саптай келе, Ермекова Қалдықүл Өмірзаққызының балық шаруашылығына мемлекеттік қайтарымсыз грант алуы – оның кәсіпкерлікке деген ұмтылысының және қажырлы еңбегінің жемісі. Бұл оқиға тек жеке экономикалық жетістік қана емес, сонымен қатар қоғамдағы инклюзивтіліктің және әлеуметтік қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, өз кезегінде, ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді деген сенімдемізі.