Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Көрсеткіш қандай? Нендей мәселелер бар? Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе күн тәртібіне қойылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
– Ауыл шаруашылығында өнім көлемін ұлғайту индикаторы толық орындалуы тиіс. Салаға инвестиция тарту, өсімдік, мал шаруашылығында өнімді молайту, техникалық паркті жаңарту бағытында да міндеттер жүктелген. Жыл сайын су тапшылығы сезіліп жатыр. Аудан, қалаларда су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Тапсырманы орындай алмаған сала басшыларына тиісті шара көріледі. Әрбір индикатордың артында елдің әлеуметтік жағдайы тұр. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтты.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, 10 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемінің өсімі 105,8 пайызды құрап, 957,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Аудан, қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, өсімдік шаруашылығы бойынша дәнді дақылдар 1,3 есе (1061,1 мың тн.), картоп дақылы 115 пайызға (330,1 мың тн.), көкөніс 103 пайызға (1231 мың тн.), бақша 114 пайызға (1967 мың тн.), малазықтық дақылдар 111 пайызға (5,5 млн. тн.) артығымен жиналған. 11 ай және жыл қорытындысымын мәліметтерді толық статистикалық есепке енгізуді қамтамасыз ету қажет.
Ауыл шаруашылығы техникалар паркін 6,5 пайызға жаңалау жоспарланған. Бүгінгі күнге, 1 655 дана техника сатып алынып, жаңалау үлесі 6,5 пайызды құрап, жылдық жоспар орындалған.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына 130 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе (145,7 %), тамақ өндірісінің негізгі капиталына 22,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе (186,9 %) артқан.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында, жыл басында 16 даму көрсеткіштері бекітіліп, ай сайын тұрақты рейтингтік бағалау жұмыстары жүргізілуде.
______
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ОСНОВНОЙ КАПИТАЛ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА ПРИВЛЕЧЕНО 130 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ
В рамках выполнения задачи Президента по удвоению объема производства сельскохозяйственной продукции в Туркестанской области проводится масштабная работа. Какие достигнуты результаты? Какие проблемы существуют? Этот вопрос был поставлен на повестку дня на еженедельном совещании аппарата акима области. Аким области Дархан Сатыбалды отметил, что сельское хозяйство является одним из ключевых двигателей экономики региона и поручил ответственным руководителям, а также акимам районов и городов усилить работу передает Пресс-служба акима Туркестанской области
«Индикатор увеличения объема сельскохозяйственной продукции должен быть полностью выполнен. Также поставлены задачи по привлечению инвестиций в отрасль, увеличению производства в растениеводстве и животноводстве, а также обновлению технического парка. Каждый год ощущается нехватка воды. Необходимо внедрять технологии водосбережения в районах и городах. К руководителям отраслей, которые не выполнят поставленные задачи, будут применены соответствующие меры. За каждым индикатором стоит социальное положение народа. Поэтому усиливайте работу», — сказал Дархан Сатыбалды, сделав замечания акимам районов и городов с низкими показателями.
По словам заместителя акима области Нурбола Турашбекова, по итогам 10 месяцев общий объем сельскохозяйственного производства вырос на 105,8%, составив 957,8 млрд тенге.
Согласно данным акиматов районов и городов, в растениеводстве урожай зерновых увеличен в 1,3 раза (1 061,1 тыс. тонн), картофеля — на 115% (330,1 тыс. тонн), овощей — на 103% (1231 тыс. тонн), бахчевых — на 114% (1967 тыс. тонн), кормовых культур — на 111% (5,5 млн. тонн). Необходимо обеспечить полное внесение данных за 11 месяцев и год в статистический отчет.
Запланировано обновление парка сельскохозяйственной техники на 6,5%. На сегодняшний день приобретено 1655 единиц техники, что соответствует запланированному уровню обновления в 6,5%.
В агропромышленный комплекс привлечено 130 млрд тенге инвестиций, что в 1,5 раза больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года (145,7%), а в основной капитал пищевой промышленности привлечено 22,7 млрд тенге, что в 1,9 раза больше (186,9%).
В рамках выполнения задачи Президента по удвоению объема сельскохозяйственной продукции в начале года были утверждены 16 показателей развития, и ежемесячно проводятся постоянные рейтинговые оценки.