2026 жылдың 6 айындағы Созақ ауданы мал шаруашылығының жетістігі қарқынды дамып, мал басы көбейді, мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер берілді. Бұл кезеңде республика бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі де өсті. Аудан қолайлы аймақ болғандықтан, ірі қара, ұсақ және жылқы саны да артуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенін өркендету, ішкі нарықты сапалы отандық өніммен толтыру және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру – басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады. Осы тұрғыдан Президентіміз өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Мал шаруашылығы мен ветеринария – агроөнеркәсіп кешенінің қос қанаты. Саланы сапалы жаңғырту, қолжетімді қаржыландыру және заманауи технологияларды енгізу арқылы біз еліміздің экспорттық әлеуетін еселейміз» деп үнемі баса айтып, тапсырмалар жүктеуде.
Жуырда, Астана қаласында Ветеринариялық қызмет пен мал шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күніне арналған ауқымды да салтанатты іс-шара өтті. Айтулы басқосуға Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, ірі аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірлерінен, соның ішінде Түркістан облысы мен Оңтүстік өңірлерден арнайы келген сала ардагерлері қатысты.
Астанадағы салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің атынан қатысушыларды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин куттықтап, лебізін білдірді. Вице-премьер Серік Жұманғарин өз сөзінде мал шаруашылығының ел экономикасындағы стратегиялық маңызына тоқталды: «Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет алдағы бес жылға арналған мал шаруашылығы мен ветеринарияны дамытудың Кешенді жоспарларын бекітті. Олар саланы сапалы жаңғыртудың, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың берік негізі болады», — деді Серік Жұманғарин.
Үкімет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қолжетімді қаржыландыруды ұйымдастыруға ерекше назар аударып отыр. Тек биылдың өзінде мал шаруашылығын жеңілдікпен ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеу бағдарламаларына 300 млрд теңге қарастырылды.
Мемлекеттік қолдаудың бұл жаңа шаралары өндіріс көлемін арттыруға, өнімділікті көтеруге және ауылдағы шаруа қожалықтары үшін қосымша экономикалық мүмкіндіктер жасауға жол ашады. Серік Жұманғарин Үкіметтің бұдан әрі де заманауи технологияларды енгізуге, экспорттық әлеуетті дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқатын арттыруға барлық жағдайды жасайтынын жеткізді.
Салтанатты жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сөз алып, саланың соңғы жетістіктері мен алдағы стратегиялық межелерімен бөлісті. Министр екі сала мамандарының бір мезгілде құрметтелуінің символдық маңызын атап өтті: «Биыл біз екі саланың мамандарын бірге құрметтеп осы салтанатты жиынды өткізіп отырмыз, бұл – терең символдық мәнге ие. Себебі қазіргі заманауи мал шаруашылығы мен мықты, сапалы ветеринариялық қызмет бір-бірінен ажырамайды. Сіздер бірге Қазақстан экономикасының ең маңызды, іргелі салаларының бірін қалыптастырып отырсыздар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгеге жетіп, 3,3%-ға өсті. 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар саланы сапалы жаңғыртуды, өндіріс көлемін арттыруды және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көтеруді көздейді. Биыл бұл салаға 300 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды», — деді Айдарбек Сапаров.
Жаңа жеңілдетілген несиелік өнімдер: «Игілік», «Береке» және «Жайлау» мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды сапалы іске асыру аясында отандық фермерлер мен шаруашылықтар үшін үш басты жеңілдетілген несиелердің іске қосылғаны шаруалар үшін оңтайлы кәдеге айналуда.
Атап айтқанда, «Игілік» бағдарламасы — асыл тұқымды мал басын сатып алуға және шаруашылықтың репродуктивті әлеуетін көтеруге бағытталған. Ал, «Береке» бағдарламасы — шаруалардың айналым қаражатын толықтыруға, жем-шөп қорын дайындауға және өндірістік қуаттылықты арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Жайлау» бағдарламасы — шалғайдағы жайылым инфрақұрылымын дамытуға, су ұңғымаларын қазуға, бақташыларға жағдай жасауға және жайылымдарды тиімді пайдалануға арналған.
Өнімділікті арттыру мақсатында заманауи көбейту (жасанды ұрықтандыру, селекция) технологияларын қолдауға бағытталған мемлекеттік субсидиялар күшейтіліп, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жаңа ынталандырулар енгізілді.
Эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етусіз мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты 2026–2030 жылдарға арналған Ветеринарияны дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында да қомақты қаражат қарастырылып отыр.
Ветеринария саласын жаңғыртудың негізгі бағыттары жайында тарқатсақ, инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаның бағыты ветеринариялық инфрақұрылым нысандарын салуға, қолданыстағыларын жаңғыртуға, зертханаларды ең заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және мамандардың арнайы қызметтік көліктерін жаңартуға 66 млрд теңге қарастырылған.
Сонымен қатар, кадрлық әлеует және жалақы барысы ветеринария салалық мамандарының жалақысын айтарлықтай арттыруға, жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуға және олардың кәсіби біліктілігін көтеруге 22 млрд теңге бағытталады.
Саланы дамытудың негізгі қаржылық және сандық көрсеткіштері Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2026 жылы іске асырылып жатқан негізгі басымдықтарын өрбітер болсақ, мал шаруашылығына бағытталған жеңілдетілген несие көлемі: 300 млрд теңгеден астам. Ал, 2025 жылғы мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі: 3,8 трлн теңге (өсім 3,3 пайыз). Ветеринариялық инфрақұрылым мен зертханаларды жаңартуға: 66 млрд теңге. Ветеринария мамандарының жалақысы мен кадрды дамытуға: 22 млрд теңге. Осылардың бағытында негізгі қаржылай құралдар: «Игілік», «Береке» және «Жайлау» жеңілдетілген бағдарламалары.
Әрине, Астанада өткен бұл салтанатты іс-шара – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, маңдай терін төгіп жүрген ветеринарлар мен мал шаруашылығы еңбеккерлерінің мәртебесін көтеруге жасалған маңызды қадам екені сөзсіз.
Жалпы, 2026 жылы салаға бағытталған 300 млрд теңгеден астам қаражат, «Игілік», «Береке», «Жайлау» бағдарламалары және ветеринарияны жаңғыртуға арналған 88 млрд теңгелік кешенді ресурстар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған заманауи деңгейге шығаратыны айқын.
Осы орайда, Түркістан облысының аграрлық-өндірістік әлеуеті жоғары, шұрайлы да шежірелі өңірі – Созақ ауданында 2026 жылдың алғашқы 6 айында мал шаруашылығы саласы қарқынды әрі тұрақты дамып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Еліміз бойынша мал шаруашылығының нақты көлем индексі (НКИ) 104,4% пайызды құраса, бұл оң көрсеткіш Теріскей өңірінің – Созақ ауданының аграрлық сектордағы жетістіктерімен тікелей сабақтастықта көрініс тапты. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Созақ ауданында ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрінен оң өсім тіркелді. Аудан шаруалары мал басын сандық жағынан көбейтіп қана қоймай, оның сапалық құрамын жақсартуға, бағытты селекциялық-асылдандыру жұмыстарына ерекше басымдық берді.
Саланың сандық және сапалық жетістіктері туралы айтар болсақ, ірі қара мал (ІҚМ) мен ұсақ мүйізді мал (ҰММ) санының көбеюінің нәтижесінде аудан бойынша мал басының еселеп артуы байқалды. Әсіресе Теріскейдің кең жайылымын тиімді пайдаланған қожалықтар қой мен ешкі, сондай-ақ ірі қара басын жүйелі түрде ұлғайтты.
Сонымен қатар, асыл тұқымды мал үлесінің артуын сөз етсек, ауданда етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мен қазақы етті-майлы бағыттағы асыл тұқымды қойлардың үлесі айтарлықтай өсті. Шаруалар асыл тұқымды аталық мал тұқымын жаңарту арқылы төлдің салмағы мен төзімділігін арттырды.
Мал басының артуы мен мал азығы базасының дұрыс ұйымдастырылуы өнім өндіру көлемінің ұлғаюына тікелей ықпал етті. 2026 жылдың 6 айында Созақ ауданының аграрилері ет және сүт өндірісі бойынша белгіленген межелерді артығымен орындады. Мәселен, өнім өндірудегі басты көрсеткіштер- ет өндірісі барысында тірідей және сойылған салмақтағы ет өндіру көлемі артып, сойыс пункттері мен мал бордақылау алаңдарының жұмысы жүйеленді. Ал, сүт өндірісі аясында — сүт бағытындағы қожалықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарда сүт сауу көрсеткіші жоғарылап, сүт қабылдау пункттерінің тиімділігі артты. Жалпы, өңірлік нарықты қамту бойынша Созақ ауданының шаруашылықтары өндірілген сапалы, экологиялық таза ет және сүт өнімдерімен Түркістан облысының, Шымкент қаласының және көршілес аймақтардың нарығын азық-түлікпен қамтамасыз етуге зор үлес қосты.
Созақ ауданында мал шаруашылығының қарқынды дамуына Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан іске қосылған жеңілдетілген қаржылай қолдау шаралары үлкен серпін берді. Осының айғағы 2026 жылдың 6 айында аудан шаруалары төмендегідей мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көрді. Біріншіден, «Игілік» бағдарламасы — ауыл тұрғындары мен шағын қожалықтарға мал басын толықтыруға, аналық мал басын сатып алуға мүмкіндік берді. Екіншіден, «Береке» бағдарламасы — шаруашылықтарды несиелендіру, мал бордақылау майданшаларын кеңейту және жем-шөп қорын дайындау бағытында тиімді қаржылық құрал болды. Үшіншіден, жаңа «Жайлау» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы — бұл бағдарлама аясында аудан шаруашылықтары шалғайдағы жайылымдарды игеруге, жайылым инфрақұрылымын жақсарту мен шаруаларға су ұңғымаларын қазу, күн панельдерін орнату, малшыларға жағдай жасау және алыс жайылымдарда мал басын көбейтуге қол жеткізді.
Бұл бағдарламалардың барлығы жылдық төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен беріліп, шаруаларға қаржылық жүктеме түсірмей, кәсібін дөңгелетуге жол ашты.
Созақ ауданында 2026 жылдың 1-жартыжылдығында қол жеткізілген басты жетістіктерді келесідей негізгі бағыттар бойынша түйіндеуге болады. Республикалық көрсеткішке қосқан үлесі — ел бойынша мал шаруашылығының нақты көлем индексі (НКИ) 104,4 пайызды құраса, Созақ ауданы осы оң динамиканы толығымен сақтап, жоғары өсім көрсетті. Мал басының динамикасы — ірі қара, ұсақ мүйізді мал және жылқы санында тұрақты өсім тіркелді. Асылдандыру жұмыстары — асыл тұқымды аталық мал үлесі көбейіп, өнімділік пен төл алу көрсеткіштері артты. Негізгі несие бағдарламалары — «Игілік», «Береке» және жаңа «Жайлау» жеңілдетілген бағдарламалары аясында шаруаларға тиімді қаржылай қолдау көрсетілді. Басты басымдық — мал басын сапалық әрі сандық жағынан көбейту, ет-сүт өндірісін арттыру және шалғайдағы жайылым инфрақұрылымын заман талабына сай дамыту.
Тақырыпты тарқата келе түйгеніміз, 2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы көрсеткендей, Созақ ауданында мал шаруашылығы саласы жүйелі даму жолына түсті. Республикалдық 104,4 пайыздық нақты көлем индексіне қол жеткізуде теріскейлік диқандар мен шопандардың, фермерлердің еңбегі орасан. Мемлекеттік «Игілік», «Береке» және «Жайлау» сияқты тиімді бағдарламалардың арқасында аудан шаруалары өндіріс ауқымын кеңейтіп, облыстық нарықты сапалы өніммен қамтып отыр. Сондықтан да, Созақ өңірінің аграрлық әлеуеті артып, төрт түлігі төлдеп, шаруалардың несібесі молая беретініне сенім мол.

