Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында креативті индустрия – медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпарттық технологиялар саласын қамтитын және жұмыспен қамтуға ықпал ететін экономика сектоы ретінде айқындалған.
Бүгінде дамыған мемлекеттермен бірге біздің еліміз де креативті индустрия арқылы туризм, сауда, білім беру секілді салаларды да қатар дамытып келеді. Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы ҚР 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Креативті индустрияларға шикізаты қиял, шығармашылық және зияткерлік капитал болып табылатын экономика секторлары жатады. Мәдениет пен өнердегі классикалық түсінікпен байланысты экономиканың дәстүрлі секторларынан басқа, креативті индустрияларға цифрлық секторды, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметті, ақпарат пен байланыс секторын жатқызуға болады.
Сонымен, Мемлекет басшысы айтқанындай, Түркістан – тек мәдениеттің ғана емес, экономиканың да өзегіне айналуы тиіс.
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласы бүгінде тек тарихи жәдігерлер мекені емес, заманауи урбанизация мен экономикалық өсімнің нағыз үлгісіне айналды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының басшылығымен жүзеге асып жатқан жүйелі реформалар биылғы жылдың 11 айында айтарлықтай нәтижелер берді. Қаланың демографиялық әлеуетінен бастап, инфрақұрылымдық жаңаруына дейінгі әрбір көрсеткіш Түркістанның жаңа дәуірін айшықтап отыр.
Қала дамуының басты индикаторы – халық санының өсуі. Егер 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны 240 422 адамды құраса, 11 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш табиғи өсім мен көші-қон есебінен одан ары ұлғайды. 22,4 мың гектар аумақты алып жатқан шаһар бүгінде тұрғындар мен бизнес үшін қолайлы экожүйе қалыптастыруда. Жергілікті билік бұл аумақты тиімді жоспарлау арқылы инфрақұрылымдық нысандарды халық тығыздығына сәйкес бөлуде. Осы мақсаттаТүркістан қаласының экономикалық даму бағыты өнеркәсіп өндірісін арттыру, инвестиция тарту және туристік инфрақұрылымды заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған. 2025 жылдың қаңтар мен қараша айларының көрсеткіштері бекітілген индикаторлардың артығымен орындалғанын көрсетеді.
Түркістан экономикасы шикізаттық бағыттан өңдеуші өнеркәсіпке бет бұрды. Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтарда жаңа өндіріс орындарының ашылуы экспорттық әлеуетті арттырды.
Жылдың алғашқы 5 айында 22 мыңнан астам бизнес субъектісі болса, 11 айдың қорытындысы бойынша белсенді кәсіпкерлер санының артуы байқалады. 11 ай ішінде құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 11 мыңнан асып жығылды, оның жартысына жуығы – тұрақты жұмыс орындары. Бұл – қаланың еңбек нарығындағы тұрақтылықтың кепілі.
Бүгінгі таңда макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы өсім мен тұрақтылық жағдайына тоқталсақ, өнеркәсіп саласында айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады. Есепті кезеңде 41,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, межелеген жоспар 35,9 млрд теңге болса, оны артығымнн 115 пайызға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 112,4 пайызға артық. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі 25,9 млрд теңгені құрап, 115,9 пайызға өсім көрсетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында инвестиция тартуды күшейту қажет екенін айтып, арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
«Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.
Түркістан қаласында инвестиция және сауда — негізгі капиталға тартылған инвестиция бүгінде 410,7 млрд теңгені құрады (өсім 106,7 пайыз). Сауда айналымы: 173,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 66,2 пайызға өсті. Осылайша, жылдық индикатор мерзімінен бұрын толық орындалды. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар – өндіріс ошағының бірі, қала аумағындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) мен «Түркістан» индустриалды аймағы өңірдің өндірістік драйверіне айналды. Бұл аумақта жалпы құны 142,9 млрд теңге болатын 11 ірі жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 4000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал, іске қосылғандары «BASPOLYMER» (полимер құбырлары) және «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» (ПВХ құбырлары) зауыттары. Құрылысы жүріп жатқандары «Туркестан Текстиль» (86,5 млрд тг, 2345 жұмыс орны), «Hygeia Textile Kazakhstan» (джинсы маталары), «PSI Mineral Technologies» (ауыр жабдықтар) секілді стратегиялық нысандар. «Түркістан» индустриалды аймағы (63,8 га), мұнда құны 19,8 млрд теңге болатын 31 жоба бар. Бүгінгі таңда 22 жоба іске қосылып, 932 адам жұмыспен қамтылды. Бұл тізімде кірпіш зауыттары, жиһаз фабрикалары («Grand Miks», «Cordial Turkestan»), асфальтбетон зауыттары және тоқыма өндірістері бар. Тағы 9 жоба (битум өндірісі, қағаз шығару, агропленка) іске асырылу сатысында.
Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 20 гектар аумақта Өндірістік парк құрылысы басталды. Жобаның құны – 7,6 млрд теңге. Жыл соңына дейін дайын 5 өндірістік ғимарат пайдалануға беріледі. Бұл бизнес өкілдеріне ғимарат салуға уақыт шығындамай, бірден өндірісті бастауға мүмкіндік береді.
Қаланың әлеуметтік капиталына салынып жатқан инвестициялар келешек ұрпақтың сапалы өміріне негіз болады.
Түркістан қаласының Бизнесті қолдау және туризм бөлімі 11 ай ішінде экономиканың барлық бағытында оң динамикаға қол жеткізді. Жаңа зауыттардың ашылуы, туристер санының артуы және бағаны бақылау жұмыстары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отыр.
Түркістан туризм саласында рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Алғашқы 5 айда 1,1 миллион турист келсе, 11 айдың қорытындысы бойынша бұл сан еселене түсті. Шетелден келушілер санының артуы қаланың халықаралық имиджінің нығайғанын көрсетеді. Бүгінгі Түркістан – рухани астана ғана емес, заманауи туристік орталық. 11 айда қалаға келетін туристердің саны 30,5 пайызға өсті. Оның ішінде шетелдік туристер саны 2 еседен астам артып, 12,5 мың адамды құрады. Инфрақұрылым көрсеткіші қалада басымдыққа ие, яғни 71 орналастыру орны (қонақ үйлер, хостелдер) жұмыс істейді. Төсек-орын саны 16,1 пайызға артып, 3259-ға жетті. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі төңірегіндегі тарихи орындармен қатар, жаңа қонақүйлер мен сервис орталықтары туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуде.
Биыл пайдалануға берілген 12 жаңа мектеп демографиялық жүктемені жеңілдетті. 85 мектеп пен 150 балабақшаның жұмысы, сондай-ақ жөндеуден өткен білім ошақтары сапалы білімге жол ашты.
Денсаулық саласын қарасты 18 медициналық мекеменің, соның ішінде жекеменшік клиникалардың көптеп ашылуы бәсекелестікті арттырып, медициналық қызметтің сапасын жақсартты.
Қала тұрғындарының 42 пайызының спортпен тұрақты шұғылдануы – салауатты өмір салтының жеңісі. 264 спорттық нысан мен ондаған ірі жарыстар Түркістанды спорттық хабқа айналдыруда. Салаға 43,5 млрд теңге инвестиция тартылды. 2027 жылға дейін тағы 10 ірі жоба іске асырылады.
Сервистік жаңалықтар жаңашыл Turkistan Taxi қатарға еніп, қала қонақтары мен тұрғындары үшін 35 жаңа Chery Tiggo 7 Pro автокөлігі сатып алынып, арнайы мобильді қосымша әзірленді. Қаладағы 165 тамақтану орнында мәзірлерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсыну бойынша талаптар енгізілуде.
Халықтың әлеуметтік жағдайын қорғау мақсатында бағаны тұрақтандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қалада 35 супермаркет, 4 көтерме базар және 32 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Жыл басынан бері 107 рет азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді. «Қуаныш базарында» әлеуметтік ет өнімдері тікелей өндірушіден 2600 теңгеден сатылуда.
Жол – экономиканың күретамыры. Биыл 47,1 шақырым жолдың орташа жөндеуден өтуі қалаішілік қатынасты айтарлықтай жақсартты. Қазіргі таңда қала жолдарының 66,7 пайызы қанағаттанарлық деңгейге жетті. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін одан ары жақсарту көзделген.
Жыл соңына дейін жоспарланған 56-дан астам ірі мәдени іс-шараның басым бөлігі 11 ай ішінде табысты өтті. Фестивальдер мен көрмелер Түркістанның рухани орталық ретіндегі мәртебесін биіктетті. Түйіндей келе, Түркістан қаласының 2025 жылғы даму қорытындылары биліктің халық алдындағы ашықтығы мен нақты нәтижеге бағытталған жұмысын айқындайды. Экономикалық серпін, әлеуметтік қолдау және инфрақұрылымдық жаңару Түркістанды келешегі зор, өмір сүруге жайлы мегаполиске айналдырып келеді.

