Біздің қазақ етікті ертеден-ақ қажетіне жаратып, оны тігудің небір тәсілін білген. Осыдан келіп ел арасында етікшілік өнер қарқын алған. Қазіргідей қыс ауасында қадірі артатын бір киім болса, ол – аяқтағы етік. Аяқ киімнің жылы болмағы – денсаулықтың кепілі. Өйткені, суық алдымен аяқтан өтеді. Сайып келгенде, сырқаттың көбі аяқтан болады. Сондықтан, қыста алдымен аяқты жылы ұстау керек. Бабаларымыз мұны бұрыннан білген. Сол себепті аяқ киімнің жылы да сапалы болуына қатты мән берген.
Ия, бүгінгінің етікшілері жайында не айта аламыз? Кентау қаласының тұрғыны, аяқ-киім тігіншісі Жаңабек Бекжігітұлы Әшірбаевтың еңбек жолы – Мемлекет басшысының «Еңбек адамы» бейнесін танымал ету және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі стратегиялық бастамаларының жарқын мысалы. 30 жылдан астам уақыт өз ісіне адал қызмет етіп келе жатқан Жаңабек ағаның жетістігі – қарапайым еңбектің қоғамдағы құндылығын және «2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасының» іске асырылуын көрсетеді екен.
Жаңабек Әшірбаев 10-ға жуық шәкіртке аяқ-киім тігіншіліктің қыр-сырын үйретіп, бұл тек жеке шеберлік қана емес, Үкіметтің кадрларды даярлаудың жаңа моделі аясындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің іс жүзіндегі көрінісін айқындаумен келе жатқаны. Оның шәкірттері қазіргі уақытта әр қала мен ауылда өздері қалаған етікшілік кәсіппен жұмыс жасауда. Ендеше, мұндай бастама жұмыспен қамту бағдарламаларының өз-өзін жұмыспен қамту секторын дамытудағы маңыздылығын дәлелдейді. Бұл – «Бастау Бизнес» немесе мемлекеттік гранттар арқылы өз кәсібін бастаған азаматтарға үлгі.
«Әр адам өз саласының жетістігіне жету үшін, алдымен сол мамандығын жақсы көру қажет» деген ұстаным – «Жұмысшы мамандықтар жылының» негізгі идеологиясын нығайтады. Бұл, Кентаудың Политехникалық колледжі сияқты оқу орындарында даярланатын жастарға үлкен мотивация береді.
Етікші Жаңабек Әшірбаевтың маңдай термен жасаған жұмысының арқасында балаларына сапалы білім оқытып, жоғарғы оқу орындарын бітіруге мүмкіндік жасауы – халықтың кірісін арттыру бағдарламасының түпкі мақсаты – отбасының әл-ауқатын және әлеуметтік лифтіні қамтамасыз ету екенін көрсетеді. Оның тұрақты және адал еңбегі – әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл «Келешек» ерікті жинақтау жүйесі сияқты бағдарламалардың маңыздылығын – әр адамның өз болашағына жеке жауапкершілікпен қарау қажеттігін насихаттауға негіз болады.
— «Келген тапсырысты уақытында орындап, тұтынушыларымның сенімін барынша ақтауға тырысамын»,- деген етікші Жаңабектің қағидасы – кәсіпкерліктің этикалық нормаларын сақтаудың және жергілікті қызметтердің сапасын арттырудың маңыздылығын көрсетеді. Жаңабек Бекжігітұлының жерлестері арасында үлгі болып, құрметпен еңбегінің бағалануы – Президенттің қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтеру жөніндегі бастамасының нәтижесі.
Ата-бабалардың «Ерінбеген етікші болады» деген сөзінің өзектілігін дәлелдеген тігінші ағаның тәжірибесі, Кентаудағы жұмыспен қамту және көші-қонды реттеу саясаты үшін маңызды. Жергілікті білікті мамандарды даярлау және олардың шағын кәсіпкерлікпен айналысуы – қаланың экономикалық дербестігін нығайтады.
Тігінші Жаңабек Әшірбаевтың 30 жылдан астам уақытқа созылған адал еңбегі – Кентау қаласының әкімдігі үшін «Еңбек адамы» бейнесін насихаттаудың және халықтың кірісін арттыру стратегиясын іске асырудың нақты, әрі сенімді мысалы болып табылады. Оның ісі – жұмысшы мамандықтар жылының басты құндылығы – мамандыққа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті көрсетеді. Жалпы, етікшілік – ерен кәсіп. Мағжан Жұмабаевтың «Жүрген жанның артында ізі қалар, Етікші өлсе балға мен бізі қалар» дегені бар. Өкінішке қарай, қазір ел арасында етікшілікті кәсіп қылғандар кем. Совет одағының кезінде Қазақстанда 11 аяқ киім фабрикасы жұмыс істепті. Ал, қазір етік тігетін фабрикалар жоқтың қасы. Әрине, жекелеген етікшілер жоқ емес, бар. Қазақтың ежелден келе жатқан ата кәсібін арқалап жүргендер солар ғана. Демек, бүгінгі Кентаулық етікші Жаңабек Әшірбаев сияқты.

