Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін еместігін ерекше атап, оның ішінде балық шаруашылығын дамытуға аса мән аудару қажеттігін тапсырған еді. Нәтижесінде мемлекет тарапынан аква өсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шағындарды субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізіп келеді. Осының айғағы мемлекеттік қолдаудан қалыс қалмаған Түркістан облысының балық өндірушілері өнімдерін Әзербайджан, Грузия, Израиль, Ресей, тіпті Қытай және Өзбекстан елдеріне де экспорттап, табыстарын арттырып жатқанынан ақпараттар тарқатылуда.
Біздің еліміз балық ресурстарына өте бай… Бұл балық – өңіріміздің экономикалық дамуына, яғни балық шаруашылығының қарқынды өсуіне ықпалы зор. Соңғы уақытта бұл салада көптеген жұмыстары атқарылуда. Естеріңізде болса Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда.
Шындығына келгенде Қазақстандықтардың жан басына шаққанда балықты аз тұтынады екен. Айталық, дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Осыған орай Қазақстанда балық өсіру шаруашылығы ерекше жолға қойылуда, бүгінде балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары деуге болады. Жасанды балық өсіру шаруашылықтарын көбейтудің нәтижесінде, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққандағы 16 келі балық тұтыну нормасына қол жеткізуге әбден мүмкіндіктер болуда.
Осы ретте балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшысы болып табылып жатқаны жағымды жаңалық.
Балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп, жұмыстардың жанданғаны Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің де елеулі үлесі зор екенін айта кеткен жөн.
Облыс әкімінің төрағалығымен жиі жиналыстар өтіп, онда қордаланған мәселелер талқыланып, оның ішінде балық шаруашылығын дамытып, өнімнің саласының артуы мен экспортқа шығарудын әлеуетін арттыру жөнінде тапсырмалар беріліп, нәтижесін оңынан көрсетуді де қолдап айтатыны жасырын емес.
Бүгінде Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша бекітілген межені орындау нәтижесінде балық өсірудің де көлемі артып келеді. Балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлерге де облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, қолайлы мүмкіндіктер жасалынуда. Облыс аумағында бүгінде балық шаруашылығын жүргізу үшін 104 су айдыны жұмыс жасауда екен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, ал биыл 7467 тоннаға жеткізу жоспарланған болса, қазіргі таңда, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 245-ке жетіп, оның 164-і облыс аралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылыпты.
Жоғарыда айтып өткендей, балық өсіруден көш бастаған Түркістан өңірі 2025-2027 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге дейін 905 тонна балық өндірілген. Сонымен қатар, облыс аумағынан 16 балық өсіру шаруашылықтарын ашуды жоспарда бар.
Балық шаруашылығының дамуына бірден‑бір үлес қосып отырған Төлеби ауданы. Аудан әкімі Еркеғали ӘлІмқұловтың ауданның әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы бойынша жасаған баяндамасында, балық өсірумен қатар балық шаруашылығын дамытуды өзектендіру мақсатында, 2030 жылға дейін даму жоспары 198 млрд теңгеге 128 инвестициялық жобаларды іске асыру нақтылануда.
Бірінші Мамыр ауылдық округі Жаңажол елді мекенінде құны – 800 млн тенге болатын «Шымкент Балық» ЖШС жылына 300 тонна балық өндірісінің құрылысын іске қосып, 7 адам жұмыспен қамтылған. Сондай‑ақ, ЖК «Айнабеков Бауыржан» балық шаруашылығына 200 млн теңге инвестиция тартылып, 8 жаңа жұмыс орнын ашуды, ал ЖК «Шагиров Н» балық шаруашылығы үшін 500 млн теңге инвестиция тартып, 15 жаңа жұмыс орнын ашу осы жылдың соңына дейін жоспарлануда екен.
Жыл басынан бері облыс бойынша 1069,6 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталып, бүл балық шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан қолдаулар да қарастырылуда. Атап айтқанда, облыстық бюджеттен аква өсіруді субсидиялау үшін 2025 жылға 500 млн теңге бөлініп, 4 586 тонна балық азығы, 500 мың балық шабағы, 4 дана биологиялық ғылыми негіздемелер субсидияланған. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялауға 120 млн 500 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге дейін 3,2 млн тенгесі игерілінген.
Мұнан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2025 жылға балық шаруашылығын дамыту үшін 71 жобаға 698 млн теңге бөлінбек. Бұл бағдарламадан Төлебилік балық өсіруді қолға алғандар да аламыз деген ниетте.
Ауданның климаттық жағдайы мен су қоры жеткілікті болуына байланысты шаруашылықтың бұл түріне ден қойғандар саны артуда. Демек бұл үрдіс Төлеби ауданының экономикасымен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтің әлеуетін жақсартуға бірден-бір себеп болатын бизнес екені қуантады.