Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында Преамбула мазмұны түбегейлі жаңартылып, мемлекеттіліктің тарихи негіздері мен ел дамуының стратегиялық бағыты айқындалды. Кіріспе бөлімде ұлттық тарихқа құрмет көрсетіле отырып, қазіргі қоғам үшін маңызды қағидаттар мен болашаққа бағытталған басымдықтар жүйеленген.
Жаңартылған Преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі құндылығы әрі басты басымдығы ретінде белгіленді. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың өзегін айқындайды. Сонымен бірге қоғамдық тұрақтылықтың негізі саналатын бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттіліктің берік іргетасы ретінде бекітілді.
Соңғы жылдары қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлігіне айналған әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатты аялау сияқты ұстанымдар да Конституция деңгейінде нақтыланды. Бұдан бөлек, Преамбулада мемлекеттіліктің тарихи жолы мен өркениеттік бастаулары жүйелі түрде көрініс тауып, ел дамуының сабақтастығы айқын көрсетілді.
Жаңа Конституцияның мәтіні кең қоғамдық қатысу арқылы әзірленді. Құжатты дайындау барысында Конституциялық комиссия ұсынған түзетулер мен жаңа нормалар жарты жылға жуық уақыт бойы жан-жақты қаралды. Осы кезеңде Конституция жобасы қоғамның түрлі өкілдерінің талқысына ұсынылып, ашық пікір алмасу жүргізілді.
Азаматтардан, сарапшылардан, қоғамдық белсенділер мен ұйымдардан ұсыныстар e-Gov және e-Otinish платформалары арқылы қабылданды. Нәтижесінде Конституцияның құрылымы мен мазмұнына қатысты екі мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Түскен пікірлер мен ұсыныстарды сараптау нәтижесінде Негізгі заңның жаңа мәтінінің алғашқы нұсқасы қалыптастырылды. Бұл үдеріс Конституцияның халық сұранысына сай әрі заманауи талаптарға жауап беретін құжат ретінде әзірленгенін көрсетеді.
Конституцияның жаңа редакциясында Қазақстан дамуының мызғымас қағидаттары нақты бекітілді. Егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету негізгі басымдықтар ретінде айқындалды.
В Казахстане представлен первый проект новой редакции Конституции, подготовленный в рамках масштабной конституционной реформы.
Документ стал результатом широкой общественной дискуссии с участием граждан, политических партий, общественных и профессиональных организаций, а также экспертного сообщества. Проект новой Конституции предусматривает системное обновление Основного закона страны. В частности, предлагается закрепить Преамбулу, 11 разделов и 95 статей. При этом обновлению подверглось 84 процента текста Конституции, а поправки внесены в 77 статей, что свидетельствует о глубине и комплексности проводимых изменений.
В структуре Конституции появились новые разделы, среди которых — «Народный Совет», а также раздел, посвящённый поправкам и дополнениям в Конституцию. Одновременно четыре раздела получили новые наименования. Речь идёт об основах конституционного строя, основных правах, свободах и обязанностях человека и гражданина, институте Курултая, а также о системе правосудия, прокуратуре и механизмах защиты прав человека.
Особое внимание в проекте уделено Преамбуле. Впервые в истории страны права и свободы человека провозглашаются основным приоритетом государства. Подчёркивается, что единство и солидарность общества, межэтническое и межконфессиональное согласие являются фундаментом государственности Казахстана.
В числе неизменных ценностей новой Конституции закреплены суверенитет и независимость страны, унитарный характер государства, а также его территориальная целостность. Эти положения определены как базовые и не подлежащие пересмотру. Кроме того, на уровне Конституции впервые закрепляются такие принципы, как Справедливость, Закон и Порядок, а также бережное отношение к природе. Эти нормы отражают стремление государства к построению устойчивого, правового и социально ориентированного общества.
Проектом также подтверждается светский характер государства. В Конституции чётко разграничиваются религия и государственная власть, утверждается светский характер системы образования и воспитания. Отдельное положение вводится в части института брака.

