Қыз баланың ең басты мақсаты ана болу. Ал көп балалы ана болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы отбасы – береке – бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазіргі мұндай отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұны болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтынымыз шындық.
84 жастағы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі Теспе ауылының тұрғыны Әлиша Ерсайқызы 10 баланың анасы. Ордабасы ауданы (бұрынғы Бөген) Көктебе ауылында туылған апамыз, анасынан 5 жасында айырылып, 12 жасына келгенде әкесі де бақилық болған. Ата‑анасы ерте өмірден өткен соң оқида алмаған. Содан 1961 жылы Нұрпапа есімді Фрунзе совхозының азаматына тұрмысқа шығып, Қуандықовтар әулетінің келіні атанады. Таңның атысы, күннің батысы ауылдағы қара жұмыстың бәрін талғамай, мақта теру, дәрілік шөптерді теріп, Шымкенттегі «Химфарм» зауытына өткізіп, тіпті аракідік савхоздың сиыр фермасына барып сиыр сауып, қой қораға сахманға да шығатынын, осылайша отағасымен қатарласа еңбек етіп, нәпәқасын тауып, ерлерге бергісіз еңбек еткен
Қожайыным сол кездегі савхоздың шофері еді. Ол да таңда кетіп, қас қарайа келетін. Бейнетке батып жүріп, он баланы өмірге әкелдік. Шүкір, бір‑бірін жетелеп, қарайласып өсті. Ол кездері бүгінгідей арқаңнан бесік әкелу жоқ. Күйеім савхоздың қарбалас жұмысын істеумен қатар, астындағы ГАЗ‑ 53 көлігін өзі жөндей беретін қасиеті де бар еді. Қаншама көрші аймақтың өзі сияқты шофрлары келіп, машиналарын жөндеп беруді өтінетін еді. Жаны жайсаң, ақкөңіл қожайыным ешкімнің көңілін қалдырмай, жөндеп беретін дейді апамыз!
‑«Ұсталық өнерді қазақ атам ежелден сый‑құрметке бөлегені белгілі ғой. Әулеттерінде айтарлықтай шебер болмаса да, ағаштан түрлі бұйымдар жасаушы еді. Көненің көзіндей болып бүгінде үлкен ұлыма жасаған қол бесігі әлі сақтаулы. Ол бесікке он ұл – қызымнан бөлек, немерелерім де жатты. Мұнан бөлек өрген қамшылары шаңырақтың төрінде ілулі тұр. Жарықтық, 2022 жылы дүние салды», — деген апамыз терең күрсінді.
Көненің көзі болған ағаш бесік пен керегеде ілулі қамшыны көру маған да бұйырып, суретке түсіріп алдым.
50 жылдай шофырлық қызметтен соң зейнеткерлікке шығып, өмірінің соңына дейін ауыл ішінде би болып, ұрпағына ұлағатты әңгімесін айтып өткен Нұрпапа атамыз бен Әлиша апамыздың шаңырағында он баладан 37 немере, 25 шөбере тараған. Он бала тауып, ардақты ана атанған анамыздың кеудесінде алтын медальі әлі тағулы екен. Әбден қара жұмыстарды жасап, савхоз тараған соң ауылдағы мектептің еденін 15 жылдай жуып, сол жерден зейнеткерлікке шыққан апамыз, шүкіршілік етейік бақуатты. Әулеттен тараған 3 қызы мен 7- ұлын да жайландырған, бәрі отбасылы, бүгінгі күні түрлі салада еңбек етуде.
Дана халқымыздың «адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөзі бар. Сол сияқты «ұрпақ үзілмейді, су сүзілмейді» деп те айтады.
Өйткені, ұрпағын сақтай алмаған халық жер бетінен өшеді. Сондықтан да ұрпағын да өшірмей, күн‑түн демей қиындық пен қарбаласқа толы жұмыс атқарып, тұтас әулетті ұйытқан, алтыннан алқа таққан, еңбегімен аймаққа үлгілі де еңбекқорлығымен танылған Әлиша Ерсайқызы қандай құрметке де лайықты.